“Алаштану” ғылыми-зерттеу орталығы
+7 (7222) 42-32-24

“Алаштану” ғылыми-зерттеу орталығы

«Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығы – «Alikhan Bokeikhan university» ББМ құрылымдық бөлімшесі.
Алаштану ғылыми-зерттеу орталығы негізгі мақсаты – ХХ ғасырдағы отандық тарихтың ақтаңдақ беттерін, әсіресе Алаш қозғалысының іргелі мәселелерін, Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметін, Алаш мұрасын зерттеу, жаңаша бағытта зерделеу.
Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде тарих, мәдениет және рухани құндылықтар бойынша мемлекет басшысы тарапынан берілген бағдарламалар («Қазақстанның киелі жерлер географиясы», «Архив-2025», «Ұлы даланың жеті қыры», «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және т.б.) басшылыққа алынады.
«Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығы төмендегі даму бағыттарын негіздейді:

1. Ғылыми зерттеу бағыты
2. Білім беру бағыты
3. Тәрбиелік бағыты

Ғылыми зерттеу бағытында негізгі басым тақырыптар ХХ ғасыр тарихының ақтаңдақтарына, Алаш қозғалысына, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі және алаштанудың өзекті мәселелеріне арналады. Осы бағыт аясында төмендегідей мәселелер орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарын айқындайды:
1. Есімдері белгілі, алайда әлі күнге толық зерттелмей жатқан Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметін зерттеу;
2. 1917-1920 жылдар аралығындағы саяси үдерістерді (Азамат соғысы, Алашорда үкіметі) қарастыру;
3. ХХ ғасырдың саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиямен бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4. Этноархеологиялық зерттеу, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алу (Негізінен алғанда, Алаш қайраткерлерінің, белгілі Алаш тұлғаларының туған жерлері мен қыстауларын қалпына келтіру, этнотуризмге айналдыру);
5. Алаш қаласындағы көне ғимараттардың тарихын қалпына келтіру;
6. Отандық және көршілес мемлекеттердің ғылыми-зерттеу орталықтарымен, институттарымен байланыс орнату;
7. «Алаш қаласының кітапханасы» сериясын жалғастыру және орталықтан шығатын барлық кітаптарды аталған серия аясында шығару;
8. Жыл сайын «Әлихан Бөкейхан оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу.

Білім беру бағыты аясында ғылыми орталық ЖОО оқу үдерісіне келесі мәселелер тұрғысында ықпал етуі тиіс:
1. Университеттің білім беру бағдарламасына «Алаштану» арнайы курсы енгізу;
2. Магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеу жұмысы ретінде «Алаш қозғалысы» мәселесі бойынша тақырыптар ұсыну;
3. Студенттер мен магистранттардың ғылыми тәжірибеден өту базасы ретінде «Алаштану» ҒЗО бекіту.

Тәрбиелік бағытта ғылыми орталық келесі мәселелерді назарда ұстайды:
1. Семей қаласындағы Алаш қайраткерлеріне қатысты ғимараттарға тарихи экскурссия ұйымдастыру;
2. Белгілі тарихшы-ғалымдармен, өлкетанушылармен кездесу ұйымдастыру;
3. Мектеп оқушыларына, студенттерге Алаш мәселесі бойынша дәрістер оқу.

Орталықтың  негізгі еңбектері:

1. Сыдықов Ерлан. Алаш  қаласының тарихы. Зерттеу. – Семей, 2010, - 214 бет.
2. Город Алаш. Сборник документов. Е.Сыдыков, В.Кашляк (Составители). /Семей. 2010. – 366 стр.
3. Сыдыков Е.Б. (Составитель) ГОНИМЫЕ ГОЛОДОМ. Сборник документов. /Семей, 2010. -   693  стр.
4. Е.Б. Сыдыков, М.П.Малышева. СИБИРЬ И КАЗАХСТАН. (Национально-территориальное размежевание Сибири и Казахстана. 1919-1922 гг.).  /Семей, 2010. -  393    стр.
5. Восточное отделение Правительства Алашорды. Сборник документов. /Семей, 2010. -425 стр.
6. Сыдыков Е.Б., Российско-казахстанские отношения на этапе становления тоталитарной суперэтнической державы. Монография. – Семей, 2010. - 298 стр.
7. Алаштану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ. 1- т. – Семей: «Tаным», 2010, - 420 бет.

Бөлісу: