ЭЗОДҒО-ғы қызметінің басым бағыты – елдің, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, орнықты даму мәселелері бойынша өзекті зерттеулер жүргізу; орнықты даму аясында бизнес және мемлекеттік құрылымдармен, ғылыми, білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау; ҚР-сы және БҰҰ-ың бағдарламалық құжаттарында жарияланған орнықты дамудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ету, жәрдемдесу.
ЭЗОДҒО-ғы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру саласында:
- экономика, әлеуметтік сала және орнықты даму аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарларының жобаларын әзірлеу;
- бекітілген ғылыми тапсырмалар мен зерттеу бағдарламаларына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізу.
Ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету аясында:
- ЭЗОДҒО-да жүргізілетін ғылыми жұмыстарға ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы үшін серіктестер іздеуді жүргізу;
Ғылыми зерттеулерді ғылыми үрдіспен байланыстыру аясында:
- жоғары білім беруді дамыту мен жетілдіру бойынша мәселелердің ғылыми-негізді шешімдерін жасақтуға, әзірлеуге қатысады;
- докторанттарға, магистранттарға, студенттерге зерттеу жүргізу үшін, оның ішінде диссертациялық, курстық жұмыстар мен дипломдық жобаларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, зерттеушілік, өндірістік және басқа да практика түрлерінен өту үшін өз базасын ұсынады;
- жарияланымдар, ұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), конференциялар, семинарлар мен тренингтер арқылы ғылыми білім мен зерттеу нәтижелерін тарату, таныстыру.