Ректорға сұрақ

Қымбатты достар!
Ректордың жеке блогына қош келдіңіздер! Өздеріңізге мәлім, оқу орнымыздың тарихы 1998 жылдан бастау алады.
2021-2022 оқу жылының басында университет атауын өзгерттік, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан есімін иелендік. Бұл қадам бізге зор жауапкершілікті жүктейді.
Өз блогымда қызметкерлермен, профессор-оқытушылар құрамымен, жұмыс беруші әріптестерімізбен, студенттермен сұқбатқа әрқашан ашықпын.
Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды және талап тілектеріңізді талқылауға ықыластымын.
Ізгі ниетпен, Alikhan Bokeikhan University ректоры Александр Койчубаев
Бөлісу: