Академиялық адалдық - жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық) орындау кезінде, емтихандағы жауаптарда, зерттеулерде, өз ұстанымын білдіруде, академиялық қызметкерлермен, оқытушылармен және басқа студенттермен өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалауда студенттің шыншылдығын білдіретін құндылықтар мен қағидалар жиынтығы.
Университетте «Академиялық адалдық ережелері» құжаты қабылданған. Құжат Университеттің Даму стратегиясына сәйкес әзірленген және оқу үдерісіндегі академиялық адалдық принциптерін, білім алушының құқықтары мен міндеттерін белгілейді, академиялық адалдықты бұзу түрлерін және олар Университет қабырғасында орын алған жағдайда қолданылатын шараларды анықтайды.