Alikhan Bokeikhan University студенттерге психологиялық көмек көрсету қызметі
Қымбатты білім алушылар!
Университетімізде студенттерге психологиялық көмек көрсету орталығы қызмет ететіні туралы хабарлаймыз
Психологиялық қызметтің мақсаты – студенттердің психологиялық денсаулығын сақтау, білім беруді ұйымдастыруда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал құру және оқу үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері:
- білім беру үдерісіне қатысушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, әлемге оң көзқарасқа және қазіргі қоғамда әлеуметтенуге жағдай жасау;
- қарқынды дамып жатқан ақпараттық қоғамда студенттерге олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;
- жеке тұлғаның ішкі ресурстары негізінде өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту;
- күйзеліске төзімділікті қалыптастыру, күйзелісті жеңу сценарийлерін ұсыну;
- психологиялық диагностика жүргізу және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
- оқу үрдісі субъектілерінің психологиялық мәдениетін арттыру;
- студенттердің, оқытушылардың және оқу-тәрбие процесінің басқа да қатысушыларының физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулығын қорғауға және нығайтуға кепілдік беретін жағдайларды жасауда әкімшілік пен педагогикалық ұжымға көмек көрсету; студенттерге оқу қиындықтары мен әлеуметтік-эмоционалдық проблемаларды жеңуге көмектесу.
Бұл міндеттер психологиялық қызметінің әртүрлі салаларында жүзеге асырылады: психологиялық кеңес беру, психологиялық ағарту, психологиялық алдын алу, жеке психологиялық диагностика, ғылыми-зерттеу қызметі.
Психологиялық қызметтің кеңесін алу үшін +77056250989 нөміріне қоңырау шалу немесе WhatsApp қосымшасы арқылы өтініш қалдыру қажет. Психологиялық қызмет үйлестірушісі – Алексашина Татьяна Константиновна.
Біз кез келген ұсыныстар мен сұрақтарға ашықпыз!
Әлихан Бөкейхан университетінің психологиялық қызметі сіздерді күтеді!