Өтініш жіберудің ережелері
- Электрондық өтініш шағым, ұсыныс немесе сұрау түрінде болуы мүмкін.
- Университет сайтының басты беті арқылы жіберілген электрондық өтініштер (abu.edu.kz) Alikhan Bokeikhan University-дің (бұдан әрі-Университет), азаматтардың хаттарымен жұмыс жөніндегі бөліміне келіп түседі. Университет өтініштерді объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді.
- Электрондық өтініштер үш күн ішінде тіркеледі және мазмұнына қарай университеттің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Өтініш тіркелген күннен бастап, 30 күн ішінде қаралады. Шешімі университеттің құзыретіне кірмейтін мәселелерді қамтитын электрондық өтініш тіркелген күннен бастап, жеті күн ішінде өтініште қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кіретін тиісті органға немесе тиісті лауазымды адамға жолданады, бұл туралы өтінішті жіберген азаматты хабардар етеді.
- Электрондық өтініш қарастырылмайтын жағдайлар: өтініш берушінің тегі мен аты болмаған жағдайда; мәтінде балағат сөздер немесе қорлайтын сөздер болған жағдайда; мәтінде лауазымды адамның, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төнген жағдайда; мәтін теру кезінде пернетақтаның кирилликалық емес орналасуын немесе тек бас әріптерді пайдаланған жағдайда; өтініш берушіге бұған дейін осыған ұқсас мәселе бойынша жауап берілген жағдайда қаралмайды.
- Өтініш берушіге жауап - нысанды толтыру кезінде көрсетілген мекенжайға (электрондық немесе пошталық) жіберіледі.
- Өтінішті қарау кезінде өтініште қамтылған мәліметтерді, сондай-ақ азаматтың жеке өміріне қатысты мәліметтерді оның келісімінсіз жария етуге жол берілмейді. Өтініш берушілердің дербес деректері туралы ақпарат ҚР Дербес деректер туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып сақталады және өңделеді.
- Сайт арқылы келіп түскен өтініштер жинақталып, ақпарат алу үшін университет басшылығына ұсынылады. Ең жиі қойылатын сұрақтарға университет басшыларының жауаптары мерзімді түрде жарияланады.