АР19674495 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесіндегі заңдық жауапкершілік тетіктерінің тиімділігі: ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттар
+7 (7222) 42-32-24

АР19674495 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесіндегі заңдық жауапкершілік тетіктерінің тиімділігі: ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттар

АР19674495 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі заңдық жауапкершілік тетіктерінің тиімділігі: ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттар

Өзектілігі. Жауапкершілік, оның басталуы мен салдары құқықтық ғылымда ерекше орынға ие. Денсаулық сақтау субъектілерінің жауапкершілігі әрдайым даулар мен үлкен қоғамдық қызығушылық тудырады. Біздің мемлекеттің қазіргі таңдағы даму кезеңінде жауапкершіліктің тиімділігінің мәселелері (қарастырылып отырған салада) маңызды және өзекті болып табылады. 

Мақсат. Жобаның мақсаты заң ғылымының тұжырымдамалық әзірлемелерін, медициналық құқық доктринасын, қолданыстағы заңнаманың талаптарын, оны қолдану тәжірибесі мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесіндегі құқықтық жауапкершілік тетіктерінің тиімділігін кешенді зерттеу болып табылады

Күтілетін нәтижелер. Зерттеу тобының мүшелерінің күтетін қорытынды нәтиже – «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі: даму мен трансформацияның құқықтық векторы» тұжырымдамасын құру, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Web of Science базасында индекстелетін және (немесе) Scopus базасында citescore бойынша кемінде 35 (отыз бес)процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақаланы немесе шолуды жариялау,

- ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала және (немесе) шолулар;

- «Қазақстан Республикасының медициналық құқығы» оқулығын шығару

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне әдістемелік нұсқамалар пакетінің ұсыну

- 2 ұжымдық монография

Зерттеу тобының мүшелері туралымәліметтер: 

Жоба жетекшісі: Ибрагимова Флюра Галимовна, заң ғылымдарының кандидаты, «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесі, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы

ORCID 0000-0002-8037-9027; Scopus Author ID:57189510015

Члены исследовательской группы:

Кайшатаева Асель Куандыковна, заң ғылымдарының кандидаты

ORCID 0000-0002-3265-3968; Scopus Author ID:57189508158

Разиева Динара Багдатовна – «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD, ORCID 0000-002-9930-4375; ScopusAuthor ID:57189506572

Айтказин Ерлан Майданулы, құқық магистрі, 1 курс докторанты

ORCID 0000-0002-3075-4386

Амирова Меруерт Аскаровна, заң ғылымдарының магистрі

ORCID 0000-0003-4350-2513; ScopusAuthor ID: 5786940750

Сейданов Айбек Багдатович, заң ғылымдарының магистрі

ORCID  0000-0002-4024-4478; Scopus Author ID: 57218903248

Бөлісу: