AP19676064 Қазақстан Республикасындағы цифрлық құқықтар: цифрлық трансформация дәуірінде құқықсубъектілігі мазмұнын кеңейтудің құқықтық тетіктерін дамыту (жеке құқық қатынастары контексінде)
+7 (7222) 42-32-24

AP19676064 Қазақстан Республикасындағы цифрлық құқықтар: цифрлық трансформация дәуірінде құқықсубъектілігі мазмұнын кеңейтудің құқықтық тетіктерін дамыту (жеке құқық қатынастары контексінде)

AP19676064 Қазақстан Республикасындағы цифрлық құқықтар: цифрлық трансформация дәуірінде құқықсубъектілігі мазмұнын кеңейтудің құқықтық тетіктерін дамыту (жеке құқық қатынастары контексінде)

Өзектілігі. Жобаның негізгі идеясы жаңа цифрлық құқықтарды енгізе отырып, Қазақстанда құқық субъектілігін заңнамалық түрде кеңейту мүмкіндігі бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Цифрлық құқықтар арқылы цифрлық құқықтық қатынастардың мәнін айқындаудың тұжырымдамалық тәсілдерін зерттеу Қазақстанның қазіргі заңнамасын цифрлық қатынастарды қолданыстағы құқықтық қатынастардың нысаны ретінде емес, қоғамның цифрлық трансформациясы жағдайында жаңа құқықтармен нығайтылған құқықтық қатынастардың дербес түрі ретінде түсіну бағытында бұруға мүмкіндік береді. Бұл жобаны іске асыру субъектінің қазіргі цифрлық процестердегі орнын, субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін, ақпараттық-техникалық мүмкіндіктер мен құпиялылық мәселелері бойынша кемсітусіз өз құқықтарын іске асыру мүмкіндігін түсінуде прогрессивті әсер етеді.

Мақсат – шет мемлекеттердің құқықтық тәжірибесін зерделеу негізінде цифрлық құқықтардың мәнін айқындаудың заманауи тәсілдерін зерттеу, құқықтық субъектілік бөлігі ретінде цифрлық құқықтарды реттеудің құқықтық мүмкіндіктерін айқындау және оларды Қазақстанда заңнамалық бекітудің оңтайлы сценарий моделін әзірлеу болып табылады.

Күтілетін нәтижелер. Жобаны орындау нәтижесінде күтілетін қорытынды нәтиже ҚР цифрлық кодексін (цифрлық құқық субъектісіне қатысты баптарды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар), сондай-ақ азаматтық құқық субъектісі мәселелерін реттейтін өзге де заңнамалық актілерді енгізу кезінде нәтижені пайдаланудың практикалық маңыздылығы мен мүмкіндігін негіздей отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы деңгейінде цифрлық құқықтарды бекіту мүмкіндігі мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанда цифрлық құқықтарды бекітудің құқықтық моделінің сценарийлік жобасын (ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үшін заңнаманы, оның ішінде кодификацияланған заңнаманы дамыту бойынша ұсыныстар)жасау жоспарланудаҒылыми еңбектерді жариялау ел халқының мүдделерін құқықтық қорғау саласындағы цифрлық экономиканың, ғылыми теориялар мен тұжырымдамалардың дамуына әсер ететін ғылыми ақпараттың өсуіне әкеледі. Жобаны орындау шеңберінде алынған авторлық құқық объектілеріне қорғау құжаттарын алу сияқты іске асыру нысаны зияткерлік меншік құқығын қорғауға, сондай-ақ осы жобаның жаңалығы мен дербестігін көрсетуге бағытталған. Ғылыми іс-шараларды өткізу, он-лайн курсты әзірлеу халықтың осы саладағы білімін арттыру үшін алынған нәтижелерді таратуға бағытталған, оларды құқықтық нормаларды дұрыс бағдарлауға үйретеді. Ғылыми форумдарды ұйымдастыру және өткізу сонымен қатар алынған теориялық-практикалық деректерді сынақтан өткізуге, практиктердің пікірлерімен, ғалымдардың идеяларымен танысуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұстанымдарын тыңдауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-экономикалық әсер цифрлық құқықтарды реттеу және қорғау саласындағы заңнама жүйесін жетілдіруден тұрады және кемсітушілікке жол бермеуге, ал халықтың ауыртпалықсыз цифрлық бейімделуіне және мемлекеттің цифрлық жетілуін арттыруға ықпал ететін болады.

Зерттеу тобының мүшелерінің аты-жөндері 

Жоба жетекшісі. Alikhan Bokeikhan University азаматтық құқықтық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты Кайшатаева Асель Куандыковна

Зерттеу тобы мүшелеріИбрагимова Флюра Галимовна, з.ғ.к, Разиева Динара Багдатовна, Phd, Молдажанов Марат Бетимбаевич, PhD  Наурызбаев Бауыржан Аманғазыұлы, магистр

Бөлісу: