PR-0012 педагогикалық қайта даярлау
Alikhan Bokeikhan University жоғары білім беруді басқарудың ортақ жүйесі білім беру бағдарламаларының реестріне енгізілген «PR-0012 педагогикалық қайта даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық қайта даярлау курстарын іске асырады.
Курстар педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейін бойынша Педагогтің кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар үшін жүргізіледі.
«PR-0012 педагогикалық қайта даярлау» білім беру бағдарламасы Alikhan Bokeikhan University келесі бағыттар бойынша педагогтарды/мұғалімдерді даярлауға арналған:
- Информатика мұғалімі;
- Тарих мұғалімі;
- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- Қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- Шет тілі мұғалімі (ағылшын);
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымының мұғалімі;
- Биология мұғалімі;
- Шахмат мұғалімі;
- Кәсіптік бағдар беру мұғалімі.
Педагогикалық қайта даярлау курстарынан өту нәтижелері бойынша тыңдаушыларға мектепте және мектепке дейінгі мекемелерде Педагогикалық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін 3 (үш) тілде қосымшалары бар сертификат беріледі
Сертификат пен 3 (үш) тілдегі қосымшаның арнайы қорғау дәрежелері болады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына сәйкес сатып алынады, сондай-ақ ҰБДБ-да міндетті тіркеуге жатады
Alikhan Bokeikhan University «PR-0012 педагогикалық қайта даярлау» білім беру бағдарламасының құқықтық негізі:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (өзгерістермен және толықтырулармен)
- Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI Заңы (өзгерістермен және толықтырулармен)
- Қазақстан Республикасы Білім Министрінің м.а 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген «Педагог» кәсіби стандарты.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы «Педагогикалық қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» №110 бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы (жаңа редакцияда-ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2022.11.18 № 145 бұйрығымен)
Курстарға түсетін тұлғалар қабылдау комиссиясына сілтеме бойынша жүгіне алады: https://abu.edu.kz/kz/577-priemnaya-komissiya