Жалпы ақпарат
+7 (7222) 42-32-24

Жалпы ақпарат

Университет кітапханасының кітап қоры дәстүрлі және заманауи құжаттардан тұрады. Кітап қорының негізін оқу, ғылыми, көркем әдебиеттер, мерзімді баспалар, аудиовизуалды және электронды құжаттар құрайды.

Кітапхана университетпен қатарлас 1998 жылы құрылған. Бүгінгі күні кітапхана 738535 дана кітап қорына ие, оның ішінде 375926 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер.

5 650 оқырманға бірыңғай оқырман билеті арқылы қызмет көрсетіледі. Олар – оқытушылар мен профессорлар, ғылыми қызметкерлер, студенттер және басқа да қосалқы қызметкерлер.

Кітапханада бірнеше бөлім жұмыс атқарады: абонемент, 100 орындық оқу залы, 25 орындық ғылыми зал және медиатека залы, 40 орындық мерзімді басылымдар залы және студенттер үйіндегі 20 орындық оқу залы бар, барлық орын саны – 185.

 

Абонемент 

Зал

Количество мест

Общий читальный зал         

100

Научный зал и зал медиатеки        

25

Зал периодики          

40

Читальный зал в общежитии         

20

Кейінгі жылдары білім үрдісіне жаңа педагогикалық ойлар мен ақпараттық қамсыздандырудың заманауи техникалық құралдарын енгізу саласында  атаулы өзгерістер орын алуда.  Сондықтан, 2003 жылы кітапханада ғылыми зал мен медиатека залы ашылды. Оқу залы WI-FI жүйесі арқылы интернетке қосылған компьютерлермен жабдықталған. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары үшін «Заң» және «Параграф» ақпараттық мәліметтер қорлары қолжетімді.   

2004 жылдан бастап мерзімді басылым залы ашылды. Кітапхана 40-қа жуық мерзімді басылымдарды жаздырып алады, оның ішінде 25-сі мемлекеттік тілде. Газеттер мен журналдар мақалаларының картотекасы жүргізіледі.

Университет кітапханасының оқырмандармен жемісті жұмысының негізгі шарты жақсы ұйымдастырылған анықтамалық-библиографиялық аппарат болып табылады. Кітапханада әртүрлі каталогтар жүргізіледі, олар: қызметтік, алфавиттік, жүйелік, газет-журнал мақалаларының тақырыптық картотекасы.  2012 жылы РЖООАЭК  мен келісімшарт бекітілген.

          Сонымен қатар, кітапханада 2015 жылдан бері  «КАБИС» электронды каталогы жүргізіліп келеді. 2021 жылдан бастап «КАБИС» кітапханалық жүйесінің негізінде университет сайтында  http://library.semuniver.kz/ веб-адресі бойынша электронды кітапхана іске қосылды. Электронды кітапхананың сайтына браузердің адрестік жолына http://library.semuniver.kz/ веб-адресін енгізу арқылы немесе университеттің https://abu.edu.kz/ ресми веб-сайты арқылы кіруге болады. 

     Кітапхана университеттің ақпараттық және мәдени орталығы болып табылады:

сапалы білім беруге және жоғары білікті мамандар даярлауға барлық жағынан ықпал етеді;

университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес келетін кітап қорын және заманауи электрондық ресурстарды ұсынады;

факультеттермен және кафедралармен өзара әрекеттесудің үздіксіз процесінде жүреді;

пайдаланушылардың қажеттіліктерін зерттей оытырып, ақпараттық қызмет көрсетеді;

үнемі жаңа түскен кітаптар көрмелерін ұйымдастырады.

Университеттің күнделікті оқу-тәрбие және ғылыми процесінде кітапхана өз пайдаланушылары үшін оңтайлы жағдай жасауға тырысады. Кітапхананың барлық қызметі оқырманды жайлы сезінуге, қажетті ақпаратты алуға, қызметкерлердің дұрыс көңіл бөлуіне және әр келген сайын моральдық қанағаттандыруға бағытталған.

Кітапхана университеттік іс-шараларға, яғни халықаралық конференциялар және ғылыми семинарлар өткізуге белсенді қатысады.

Кітапхананың мекен-жайы:  Шмидта көшесі, 44 үй, каб.16, №3 ғимарат, biblioteka.universitet@mail.ru.

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма 8:00 - 18:00

Сенбі  9:00 – 14:00

Демалыс күндері - Жексенбі

Әр айдың соңғы күні: Тазалық  күні.

Студенттер үйі кітапханасының мекен-жайы: Ильяшев к-сі, 94, каб. 105, тел.: 77-32-06

Бөлісу: