AP22686946 Қазақ әдебиетіндегі экология мәселесі (Семей сынақ полигоны негізінде)
AP22686946 Қазақ әдебиетіндегі экология мәселесі (Семей сынақ полигоны негізінде)
Өзектілігі. Экологиялық проблема – ұлтқа ортақ проблема. Мемлекеттің өркендеуі халықтың денсаулығына тікелей тәуелді. Мемлекет экологиялық жағдайды жақсартуды ұлттың денсаулығын жақсартудың негізгі талабы ретінде қарастырған және осы мақсаттарға жетудегі іс-әрекеттің барлығы ұйымдастырыла, белгілі жүйемен жүруі қажет. Саламатты қоршаған орта – ұрпақ саулығының негізі, еліміздің жарқын болашағының кепілі. ХХІ ғасырда адамзаттың алдында тұрған ғаламдық проблемалардың бірі – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әртүрлі деңгейде айтылып, мойындалып жүр. Яғни, қазіргі кезеңді адам баласын түгелдей алаңдатқан ауқымды проблемаларымен айшықталған уақыт деуімізге болады. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген ұғымды үнемі көкейлерінде ұстаған ақын-жазушыларымыздың экология тақырыбында (Семей ядролық полигоны) жазған көркем шығармаларын бүгінгі күннің ұрпақтарына оқытып, насихаттап, танытуымыз қажет. Сонымен қатар зерттеу нәтижесі 1949 жылдан бастап Қазақстанда ядролық қаруға қарсы наразылық басталған 1989 жылға дейін Семейде өткен «Невада-Семей» қозғалысы кезеңіндегі заман, дәуір шындығын, тарихи-қоғамдық жайттарды, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды айқындауда да аса өзекті деп айтуға негіз бар.
Сонымен қатар зерттеу нәтижесі бұрын соңды көркем әдебиетте экология тақырыбы ғылыми айналымға енгізілмеген. Қасіреті мол «Семей полигоны» тақырыбында ақын-жазушы, журналистердің әдеби мұраларын ғылыми айналымға енгізу, Ресей, Қазақстан мұрғат қорларындағы құпия хаттар мен хаттамаларды саралау бүгінгі күні шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі.
Жоба барысында кешенді зерттеу тәсілдері қолданылады. Қолжазбалар қоры мен мұрағат қорларынан дерек жинақтау, көркем шығармаларға әдеби талдау жасау, жалпы экология тақырыбындағы ғылыми айналымда бар ақпаратты жүйелеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ жинақталған ақпараттар мен деректерге сандық және сапалық контент анализ, тарихи-салыстырмалы зерттеу, әдеби талдау жүргізіледі. Жобаны жүргізу үшін әдеби-мәдени және тарихи зерттеу салаларының теориялық принциптері мен заңдылықтары, зерттеу тәсілдері ескеріледі.
Экология мәселесін көтерген әлем әдебиетіндегі «Хиросима-Нагасаки», Қазақстан, Ресей әдебиетіндегі «Невада-Семей», «Семей сынақ полигоны», «Қайнар синдромы» тақырыбында жазылған көркем шығармаларға әдеби талдау жасап, сол кезеңнің тарихи шындығы мен көркемдік шешімге қатысты ғылыми мақалалар мен монография жарияланады. Семей полигоны тақырыбында батыл жазып, шындықтың бетін ашқан мерзімді баспасөз беттеріндегі материалдардың көтерген тақырыптарына қарай, қойған мәселелеріне орай топ-топқа іріктеп, дәлелді дәйектемелер жасалып, жинақталады. Ядролық полигонда және тәжірибе алаңында болған оқиғаларды баяндайтын Ресей, Қазақстан соның ішінде, Алматы, Нұр-Сұлтан, Семей, Курчатов қалаларындағы мұрағат қорларындағы құпия сақталған хаттар, хаттамаларды тауып, ғылыми айналымға енгізіледі.
Мақсаты. Көркем әдебиеттегі экология, полигон тақырыбындағы шығармалар, мұрағат қорларындағы құпия хаттар, хаттамаларды тарихи-салыстырмалы әдіс-тәсілдері арқылы зерттеу, алыс-жақын шетелдермен бейбітшілікті және ұлтаралық татулық, келісімнің беріктігін нығайту мақсатында зерттеп, зерттеу нәтижелерін қазіргі жаһандану үдерісіне сай инновацияланған цифрлы форматта ұсыну.
Күтілетін нәтижелер. Web of Science деректер базасында Arts and Humanities Citation Index немесе Social Science Citation Index-те индекстелетін немесе Scopus деректер базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала
Немесе:
- рецензиялаудан өткен және кемінде екі профессор ғылыми атағының және/немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің иегерлері жариялауға ұсынған постдокторанттың үлесі 6 б. п. кем емес 1 (бір) кем емес монография;
- рецензияланған шетелдік және (немесе) ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақаладан және(немесе) шолулардан кем емес;
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні
Жоба жетекшісі: «Alikhan Bokeikhan University», филология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Мусинова Гульмира Султангазыевна - ORCID
https://orcid.org/0000-0002- 0567-3787