AP23486445  «Абай облысының әдеби-мәдени картасы және цифрлық интеграция (фольклордан бүгінге дейін)»
+7 (7222) 42-32-24

AP23486445  «Абай облысының әдеби-мәдени картасы және цифрлық интеграция (фольклордан бүгінге дейін)»

AP23486445  «Абай облысының әдеби-мәдени картасы және цифрлық интеграция (фольклордан бүгінге дейін)»

Өзектілігі. Жобаның негізі идеясы -  Абай облысындағы фольклордан бастап әдебиетіміздің барлық тарихи кезеңдерін қайта қарастырып, ғылыми айналымға енбеген ақын-жазушылардың мұрасын тарихи ақиқат аясында жүйелі түрде кешенді, концепцуалды негізде  зерттеп, әдеби-мәдени картасын жасап, оны цифрлық интеграцияда ұсыну.  Ұлылар мекені- Абай облысының әдеби-мәдени картасын жасау, телегей терең әдеби мұрасын кешенді түрде ғылыми айналымға енгізу, оның электронды энциклопедиясын жасау, жалпы әдебиеттану ғылымындағы іргелі зерттеулер аясында тиісті бағасын беру - заман ағымына сай уақыт талабы. Сондықтан да, аталмыш өңірдің мол ауыз әдебиетін, жергілікті ақын-жазушыларымыздың рухани құндылықтарын негізгі дерек қорлармен жаңаша пайымдап, талдау іргелі зерттеулер саласындағы өзекті мәселелер қатарынан табылады.  Абай өңірінің әдеби тарихы тұңғыш рет кешенді зерттеу негізінде электронды энциклопедияда үш тілде көрініс табуы жобаның жаңашылдығын айқындайды. Бұл өз кезегінде аталмыш өңір әдебиеті мен мәдениетін фольклордан бүгінге дейін қарастыру арқылы Абай облысының әдеби-мәдени әлеуетін саралауға, оның нақты эволюциялық даму сипатын айқындауға мүмкіндік береді. 

Мақсаты.  Өңірдегі фольклорлық туындылар мен әр кезеңде өмір сүрген ақын-жазушылардың әдеби мұраларын жинақтап,  тақырыптық-көркемдік ерекшеліктеріне кешенді әдеби талдау жасай отыра, Абай облысының фольклордан бүгінге дейінгі әдеби-мәдени картасын жасап, цифрлық интеграцияда ұсыну арқылы замануи тұрғыда кең көлемде насихаттау. 

Күтілетін нәтижелер. Абай облысының фольклордан бүгінге дейінгі бай мұрасы кешенді зерттеліп, алғаш рет әдеби-мәдени картасын  цифрлық интеграцияда ұсыну арқылы әдеби кеңістіктегі орны айқындалады. Өңірдің өткені мен бүгіні туралы кешенді зерттеулер жүргізу арқылы жан-жақты, толыққанды ақпарат жеткізіледі; Абай облысына қарасты елді мекендерде туған әдеби жәдігерлермен, сол өңірде  өмір сүрген көрнекті сөз өнері иелерімен қатар, танымал емес ақын-жазушылар жайлы танымдық білім толықтырылады; Фольклордан қазіргі кезең әдебиетіне дейінгі деректер мен материалдар цифрлық интеграцияда ұсынылады; Абай облысы  аймағындағы мәдениетті дамытудың стратегиялық жоспарына әдеби өлкетану мәселелерін енгізу арқылы көпшілік қауымның әдебиетке деген құштарлығын оятып, сол арқылы бұқаралық мәдениетке балама бола алады.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні

Жоба жетекшісі:  «Alikhan Bokeikhan University», филология кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к Төлебаева Құралай Тоқтарқызы - ORCID

https://orcid.org/0000-0003- 1636-8822

Scopus Author ID: 57192677404

Зерттеу тобы мүшелері:

Аитова Ж.Ж. – ORCID https://orcid.org/0000- 0002-3771-2656 

Scopus Author ID: 57224117531

Әбікенова Г.Т. – ORCID https://orcid.org/0000-0002-7261-3039

Scopus Author ID: 57221388750

Гайнуллина Ф.А. – ORCID https://orcid.org/0000-0003-836-5533

Мусинова Г.С. –  ORCID https://orcid.org/0000-0002-0567-3787

Марат М.А. – ORCID https://orcid.org/0000-0003-0558-9013

Мамырбеков А.М. – ORCID https://orcid.org/0000-0002-3454-8563

Scopus Author ID: 57203315639

Қасымова Ә.Ә. – ORCID  https://orcid.org/0000-0002-8783-888X

Scopus Author ID: 57224119099

Әубәкірова Қ.Ә. –  Orcid ID: 0000-0002-1872-9591

Scopus Author ID: 57205143914

Абдулина А. – ORCID  https://orcid.org/0009-0007-6772-9081

Бөлісу: