Комплаенс-офицер
Комплаенс-офицер-құқықтық талаптарды енгізудің ішкі жүйесіне жетекшілік ететін және олардың орындалуын бақылайтын лауазымды тұлға. Университет Президентіне тікелей есеп береді.
Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына және университеттің нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Комплаенс-офицер функциялары:
Тапсырмаларды орындау үшін комплаенс қызметкеріне келесі функциялар жүктеледі:
- Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік саласындағы стандарттар мен саясаттарды әзірлеу және жаңарту;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сәйкес келмейтін Қоғамның қолданыстағы ішкі құжаттарын өзгерту немесе жою туралы ұсыныстар енгізу;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Мүдделер қақтығысын анықтау, бақылау және шешу бойынша шаралар қабылдау;
- Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалар санатына жататын квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауына мониторинг жүргізу;
- Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдықты қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, оның ішінде қоғамның ішкі құжаттарын сақтауын бақылау;
- Азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты жария етуді қамтамасыз ету;
- Сыбайлас жемқорлық және/немесе оларға қатысу фактілері туралы арыздар (шағымдар) бойынша ішкі аудит жүргізу;
- квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот тәжірибесіндегі өзгерістердің мониторингі және талдау;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты істер бойынша сот тәжірибесіндегі өзгерістерді бақылау және талдау.
- Адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарын қалыптастыру үшін Қоғамның мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
- Директорлар кеңесі үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы жыл сайынғы есепті дайындау;
- Жалғыз акционер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы жыл сайынғы есепті дайындау.