СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Қабылдау комиссиясы
Семей қ, Мәңілік Ел,11
Тел.: +7(7222) 44-24-56, +7-700-643-43-56
Alikhan Bokeikhan University ББМ жоғары білім алуға қалай түсуге болады? | Alikhan Bokeikhan University-ге жоғары білім беру бағдарламаларына түсу үшін талапкерлер ақылы негізде қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін шетел азаматтары мен колледж түлектерінен басқа талапкерлер ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыруы қажет. |
ҰБТ-ны кім тапсырады? | ҰБТ-ны ағымдағы жылдың мектеп түлектері, өткен жылдардың мектеп түлектері және мемлекеттік білім грантын алуға үміткер колледж түлектері тапсырады. |
ҰБТ неше рет өткізіледі? | ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында). Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін ағымдағы жылғы 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізілген ҰБТ сертификатының болуы қажет. |
ҰБТ-ға өтініштер қашан қабылданады? | Қолданыстағы ережелерге сәйкес ҰБТ - ға өтініштерді қабылдау (Мамыр-Маусым) 6 мен 14 мамыр аралығында жүргізіледі. Толық ақпарат сайтта:
|
Шығармашылық емтихандарға өтініштерді қабылдау және емтихандарды өткізу мерзімдері қашан жүзеге асырылады? | Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін құжаттарды қабылдау-20 маусымнан 7 шілдеге дейін. Емтихандар 8-13 шілде аралығында өтеді. |
Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін өтініштерді қабылдау қашан жүзеге асырылады? Арнайы емтиханды өткізу мерзімі? | Өтініштерді қабылдау және арнайы емтихан өткізу-20 маусымнан 24 тамызға дейін |
Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау қашан жүзеге асырылады? | Ағымдағы жылдың 25 мамыры мен 12 шілдесі аралығында ҰБТ-ны сәтті тапсырған талапкерлердің құжаттары осы жылдың 13-20 шілдесі аралығында қабылданады, оқуға түсушілер білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ тапсыру кезінде құрылған жеке кабинетте ҰТО сайтында электрондық форматта өтініш беретін болады. ҰТО сайтында өтініш бергеннен кейін конкурсқа қатысу үшін өтініште көрсетілген деректерді растау үшін құжаттардың түпнұсқаларымен университетке келу қажет. |
Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау нәтижелері қашан белгілі болады? | Мемлекеттік білім беру гранттарын беру нәтижелері 1-5 тамыз аралығында белгілі болады. Иегерлер тізімі БАҚ-та ("Егеменді Қазақстан"және "Казахстанская правда" газеттері), сондай-ақ интернет-ресурстарда, атап айтқанда ҰТО сайтында жарияланады www.testcenter.kz (конкурсқа қатысқан әрбір талапкер өзінің ЖСН мен бірыңғай сынақ кодын көрсете отырып, өз нәтижелерін біле алады)
|
ЖОО-ға қабылдау мерзімі? | ЖОО-ға қабылдау 10-25 тамыз аралығында жүзеге асырылады. |
Сіздің университетіңізде әскери кафедра бар ма? | Alikhan Bokeikhan University-де әскери кафедра бар. Әскери кафедраға қабылдау үшін студент 1 курстан кейін іріктеу турынан өтеді, оған психометриялық тест, МКК медициналық тексеруі, дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру және үлгерімнің орташа балы кіреді. |
ЖОО-ға түсу үшін қандай құжаттарды тапсыру қажет? |
|
Жатақхана (Студенттер үйі) бар ма? | Бізде 2 студенттік жатақхана бар, онда студенттердің тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасалған. |
Жатақханада тұру құны қанша? | Жатақханада тұру құны жылына 90.000 теңгені құрайды. |