Шығармашылық және арнайы емтихандар.
+7 (7222) 42-32-24

Шығармашылық және арнайы емтихандар.

Құрметті 2024 жылғы талапкер!

Шығармашылық емтихандар келесі білім беру бағдарламалары бойынша өткізіледі: В004 Алғашқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау, В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер қабылдау 2024 жылғы 20 маусымнан 7 шілдеге дейін аралықта.  Өтініштер университеттің қабылдау комиссиясында мына мекенжай бойынша қабылданады: 

Семей қ, Мәңгілік Ел,11, Тел.: + 7(7222)  44-24-56,  8-700-643-43-56

Шығармашылық емтихандар 2023 жылғы 8-13 шілде аралығында әрбір білім беру бағдарламасы бойынша екі кезеңде өткізіледі.

Маңызды: Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін ҰБТ нәтижелері екі пән бойынша ескеріледі: Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы. Әр пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Маңызды: егер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізілетін негізгі ҰБТ нәтижелері бойынша талапкер Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша шекті балл жинай алмаса, оған университетіміздің базасында шығармашылық емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.  Содан кейін талапкер тамыз айында өтетін ҰБТ - ға қатысады. ҰБТ-ны сәтті тапсырғаннан кейін (Қазақстан тарихы және әр пән бойынша оқу сауаттылығы кемінде 5 балл) Талапкер біздің университетке ақылы негізде қабылданады.

Бөлісу: