Жалпы ақпарат
+7 (7222) 42-32-24

Жалпы ақпарат

Әскери кафедра 2011 жылдың 27 тамыздағы № 977 Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен ашылды. Әскери дайындықты оқу Отан қорғаушы, сонымен қатар болашақтағы қызметтік жоғарылауға жол ашады. 

 

Әскери кафедраға түсу тәртібі

«Запастағы офицерлер әскери дайындау бағдарламасының ережесі» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына сәйкес әскери кафедрада оқу үшін  студенттерді іріктеу конкурс негізінде өткізіледі.

Конкурсқа ABU 1 курсында іштей түрде оқитын  - Қазақстан Республикасының азаматтылығы бар, іріктеу конкурсқа қатысу жылына 25 жасқа толмаған, барлық кәсіби іріктеу кезеңдерін өткен студенттері қатыса алады.

Студент-қыздар, Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігі айқындайтын әскери-есептік мамандықтар бойынша, іріктеу конкурсына қатысады.

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА ОҚЫТУ КЕЛЕСІ ӘСКЕРИ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ:

-  «Жердегі артиллерия бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану»

-  «Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеология жұмысын ұйымдастыру»

-  «Аймақтық қорғанысты ұйымдастыру».

Студенттерді іріктеу конкурсы төрт кезеңнен тұрады:

I кезең – жергілікті әскери басқару мекемелерінің шақырылған комиссиясының медициналық куәләндіруін өту нәтижесі;

II кезең   –   кәсіби-психологиялық тесттен өту нәтижесі;

III кезең –  дене шынықтыру дайындығынан нормативтер тапсыру нәтижесі;

IV кезең  –   студенттің оқу орнындағы 1-ші оқу курсының емтихан тапсыру нәтижелері бойынша орта үлгерім баллы (GPA).

Әскери кафедраларда запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін іріктеп алынған студенттер медициналық куәландыруды облыстардың (республикалық (облыстық) маңызы бар қаланың және астананың) тұрақты әрекет ететін медициналық комиссиялар жүргізеді. (яғни, Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында).

Осыған байланысты, Семей қаласына ШҚО аудандарынан және басқа қалалардан, облыстардан келген студенттер, Семей қаласының жергілікті әскери басқару органында медициналық куәландырудан өту үшін, Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына әскери есепке тұруға міндетті.

( Ескертеміз, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, ҚР азаматтарының әкімшілік жауапкершілігі мына баптар бойынша қамтылады:

647-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді орындамауы

Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi не елді мекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзiмге) келіп, келген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі –

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

649-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жоғалту

Иесiнiң кiнәсiнан әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтың басқа да есептік-әскери құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жою, сол сияқты әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтың басқа да есептік-әскери құжаттарын жоғалту –

ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады).

Екінші, үшінші және төртінші кезеңдер іріктеу комиссиясының жұмысы  аралығында өткізіледі. Конкурстың әр бір кезеңін бірақ рет өтуге рұқсат беріледі. Алдыңғы кезеңді өтпеген студентке, келесі кезеңді өтуге рұқсат етілмейді.

Әскери кафедраға ақысыз негізінде оқуға іріктеу конкурсының кезеңдерінен өткен,  көрсеткіш бойынша бірінші орыннан іріктеу жоспарына сәйкес бөлінген орын санына дейінгі студенттер тартылады.

Яғни ақысыз негізде оқуға - ақысыз негізде оқуға бөлінген орындар санына  сәйкес орта үлгерім баллы жоғары 0,01 дейін нақты келетін студенттер қабылданады.

Ақысыз түрде оқуға іріктеу комиссиясынан өтпеген студенттерге ақылы түрде оқу ұсынылады.  Ақылы түрде оқуға тілек білдірген студенттер санына қарай іріктеу конкурсы өткізіледі, онда ақылы түрде оқуға

бөлінген орындар санына  сәйкес жоғары орта үлгерім баллы 0,01, дейін нақты келетін студенттер  қабылданады.

Әскери дайындықтың толық курсын, оқу-жаттығу жиынын өткен және әскери кафедрада емтиханды тапсырған студенттерге ЖОО бітіргені туралы диплом алғаннан кейін,  белгіленген тәртіпке сәйкес «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Заявление;

2. Удостоверение личности (подлинник и копия);

3. Приписное свидетельство или военный билет (подлинник и копия);

4. 2 фотографии размером 3х4 см.;

5. Подлинник и копия одного из документов (при наличии), подтверждающих факт отсутствия попечения над ребенком единственного или обоих родителей, либо документов, подтверждающих установление опеки (попечительства);

6. Справка о наличии либо отсутствии судимости по форме, согласно приказу Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 июля 2015 года № 95 «Об утверждении стандартов государственных услуг» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12055);

7. Документ (при наличии), подтверждающий спортивный разряд, призовое место в республиканском либо международном конкурсе исполнителей текущего года, в международной олимпиаде по общеобразовательным предметам, а также в Президентской либо республиканской олимпиаде по общеобразовательным
предметам за последние три года при наличии;

8. Два прозрачных файла для оформления личного дела.

Анықтама үшін телефон:  8 (7222) 38-27-57;  Эл. пошта: vk_kazgyuiu@mail.ru

Бөлісу: