«Кәсіпкерлік субъектілері үшін тиімді бизнес ортасы» дөңгелек үстелі
+7 (7222) 42-32-24

«Кәсіпкерлік субъектілері үшін тиімді бизнес ортасы» дөңгелек үстелі

3 қазан күні Әлихан Бөкейхан Университетінде «Кәсіпкерлік субъектілері үшін тиімді бизнес ортасы: Ресей және Қазақстан нарықтары жағдайында қалыптасу ерекшеліктері» тақырыбында университеттің Халықаралық бизнес мектебі мен Бизнес және басқару кафедрасы, сондай-ақ С. М. Киров атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетінің «Экономика, есеп және шаруашылық қызметті талдау» кафедрасы бірлесе ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараға онлайн видео байланыс арқылы Ресей мен Қазақстанның жетекші сарапшылары қатысып, жаһандық өзгерістер жағдайында бизнесті дамыту және инновацияларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел спикерлер қатарында:

ABU халықаралық бизнес мектебінің директоры, профессор Веселин Благоев компаниялардың инновациялық стратегияларына жаһандық трансформацияның әсері туралы баяндама жасады.

ABU-дің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, PhD, MBA Елена Шустова бизнестегі халықаралық ынтымақтастық пен инновациялық шешімдер мәселелерін қарастырды.

ABU-дің «Бизнес және басқару» кафедрасының меңгерушісі, PhD Айжан Орынбасарова Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларына баға берді.

Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетінің халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Светлана Терещенко ESG-трансформациясы жағдайында ресейлік бизнес компанияларының корпоративтік стратегиялары туралы баяндама жасады.

Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетінің доценті, РФ Білім және ғылым министрлігінің сарапшысы Михаил Яненко маркетинг-менеджменттің цифрлық трансформациясы бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетінің доценті Ирина Нефедова бизнес пен жоғары білім арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын көрсетті.

Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетінің оқытушылары Ольга Полянская мен Анна Михайлова өнеркәсіптік кәсіпорындарда инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі туралы баяндама жасады.

Дөңгелек үстел ABU мен СПбГЛТУ арасындағы бірлескен ғылыми жоба аясында ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – жаһандық цифрлық трансформация жағдайында ШОБ субъектілерінің қолданыстағы тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Іс-шара Ресей мен Қазақстандағы бизнесті дамытуға, сондай-ақ университеттер мен кәсіпкерлік қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тәжірибелер мен идеялар алмасқан салиқалы сұхбат алаңына айналды.



Бөлісу: