Әлихан Бөкейхан Университеті Польшаның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуда
+7 (7222) 42-32-24

Әлихан Бөкейхан Университеті Польшаның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуда

Әлихан Университеті көп жылдар бойы Польша Республикасының жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық қатынастар орнатып келеді, әсіресе Польша еліндегі негізгі серіктестер - Белосток Университеті және Белостоктағы Шығыс Еуропа қолданбалы ғылымдар университетімен ғылыми-академиялық қатынастар жақсы жолға қойылған.

Университеттер арасындағы ынтымақтастық студенттердің академиялық ұтқырлығы, профессорлардың дәріс оқуы сынды бағыттар бойынша белсенді түрде дамып келеді. Бұл бағдарламаларды іске асыру ҚР ҰҚМ гранттары, Erasmus+ халықаралық бағдарламасының қаражаты, сондай-ақ Әлихан Университетінің Президенті, профессор Шырын Құрманбаеваның гранттары есебінен жүзеге асырылуда.

Мәселен, ағымдағы оқу жылында «Экономика», «Құқық қорғау қызметі», «Ағылшын тілі екінші шет тілін қосымша оқытуымен» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламалары ABU Президентінің гранты есебінен іске асырылды.

Жаңа оқу жылында студенттерді «Ағылшын тілі екінші шет тілін қосымша оқытумен» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР ҒЖБМ грантының қаражаты есебінен, сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша ABU Президентінің гранты есебінен Польша университеттеріне семестрлік оқуға жіберу жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2024 жылдың мамыр айында Әлихан Универсиетінің екі оқытушысы – PhD, МВА, Е.П. Шустова және профессор В. Благоев Белостоктағы Шығыс Еуропа қолданбалы ғылымдар университетінде (Wans) Erasmus+  бағдарламасы аясында дәрістер оқыды.



Бөлісу: