Күн тәртібінде – шет тілдерін оқытудың өзекті мәселелері
+7 (7222) 42-32-24

Күн тәртібінде – шет тілдерін оқытудың өзекті мәселелері

Әлихан Бөкейхан Университетінде шет тілдерін оқытудың өзекті мәселелеріне арналған «Шет тілі сабағында заманауи білім беру технологияларын қолдану әдістемесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Университетте дәріс оқып жатқан шетелдік ғалым - Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің Лингвистикалық институтының Лингводидактика және екінші шет тілі кафедрасының доценті ф.ғ.к. Барбашов Владимир Петрович жүргізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - шет тілі мұғалімдерінің оқу іс-әрекетінің сапасын арттыру үшін түрлі инновациялық педагогикалық әдістермен алмасу.

Іс-шараға Әлихан Бөкейхан Университетінің Филология кафедрасының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің Лингвистикалық институтының оқытушылары мен студенттері, оның ішінде Лингводидактика және екінші шет тілі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент О.В. Записных және Лингвистика институтының директоры, ф.ғ.к. Н.П Широкова қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар білім беру сапасы мен білім алушылардың кәсіби даярлық деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сай білім беру технологияларын белсенді қолдану мәселелерін, оқу процесін құру принциптерін және білім алушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту сұрақтарын талқылады. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар шет тілдерін оқытудағы заманауи технологияларды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, сыни ойлауды дамыту технологияларын, жобалық әдіс және ынтымақтастықта оқыту технологияларын пайдалану жөнінде тәжірибе алмасты.



Бөлісу: