Әлихан Бөкейхан Университеті Үндістанның жетекші университеттерімен ынтымақтастық қатынастар орнатуда
+7 (7222) 42-32-24

Әлихан Бөкейхан Университеті Үндістанның жетекші университеттерімен ынтымақтастық қатынастар орнатуда

2024 жылдың 10-18 наурызы аралығында Әлихан Бөкейхан Университетінің делегациясы Мәдени байланыстар жөніндегі Үнді Кеңесінің (ICCR) академиялық сапарлар бағдарламасы аясында Үндістанның бірқатар жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарын аралады.

Іс-сапар аясында делегация Үнді елінің жетекші университеттері мен Нью-Делидегі ICCR штаб-квартирасында кездесулер өткізді.

Делегация Бомбей Үнді технологиялық институтында (IIT Bombay), Тата Әлеуметтік ғылымдар институтында (TISS), Пуне қаласындағы Савитрибаи Фуле Университетінде, Ағылшын және шет тілдері университетінде (EFLU) Хайдарабад Университеттерінде болып, Үнді елі мен Азиядағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының басшылықтарымен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар делегация Мумбаи, Пуне және Хайдарабад қалаларындағы технологиялық орталықтар мен стартап компанияларды аралады. 

Жоғары оқу орындарында өткен екіжақты келіссөздер барысында академиялық алмасуларды іске асыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын құру, ғылыми зерттеулер жүргізу мен мәдени байланыстарды дамыту, креативті индустриялар саласында және IT-стартаптарды дамыту салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 

Әлихан Бөкейхан Университеті делегациясының Үнді еліне сапары Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мен Астана қаласындағы ICCR офисінің, Нью-Делидегі ICCR Штаб-квартирасының және, Мумбаи, Пуне, Оңтүстік Бенгалуру аймақтарындағы жергілікті ICCR офистерінің қолдауымен жүзеге асты.



Бөлісу: