Студенттік бизнес жобалардың халықаралық байқауы
+7 (7222) 42-32-24

Студенттік бизнес жобалардың халықаралық байқауы

Қымбатты студенттер!

Alikhan Bokeikhan University Халықаралық бизнес мектебі сіздерді  шешуші кезеңі 2024 жылдың 14-15 наурызында өтетін Студенттік бизнес жобалардың халықаралық байқауына қатысуға шақырады. 

Бизнес-жобалар байқауы келесі бағыттар бойынша өтеді:

  1. Әлеуметтік кәсіпкерлік.
  2. Үздік инновациялық бизнес-жоба.

Халықаралық байқау жеңімпаздары дипломдармен және Ә. Бөкейхан атындағы Қор қаражаты есебінен қаржылай сыйлықтармен марапатталады. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге келесідей қаржылай сыйақылар тағайындалды:

1 орын үшін – 400 000 теңге;

2 орын үшін – 300 000 теңге;

3 орын үшін – 200 000 теңге.

Байқау екі кезеңде өтеді:

1-кезең – берілген өтінімдер мен жоба сипаттамасы негізінде ұсынылған жобаларды алдын ала сараптау (техникалық, экономикалық сараптама) кезеңі.

2-кезең – әрбір ЖОО студенттерінің өз жобаларын онлайн қорғауы.

Байқауға Қазақстан мен шет елдердің ЖОО студенттері қатыса алады. Өтінімді жекелеген студенттер мен командалар да жолдай алады (5 адамға дейін)

Байқауға қатысу үшін 2024 жылдың 5 наурызына дейін shustova_yelena@mail.ru поштасына қатысушының аты-жөні, оқу орны, WhatsApp нөмірі мен кері байланыс e-mail-ы көрсетілген өтінім мен жоба сипаттамасын жіберу керек. Хат тақырыбына «Жоғары оқу орнынан (университеттің атауын көрсету) байқауға ұсынылатын жоба»  деп көрсету қажет.

Жоба сипаттамасында жобаның мақсаты, өзектілігі, негізгі идеялары, іске асыру механизмі, техникалық-экономикалық негіздемесі және жобаның күтілетін нәтижесі және жобаны жүзеге асыру нәтижелері (бар болса). қамтылуы тиіс. Сипаттама 20 беттен аспауы керек. Техникалық-экономикалық негіздемесі жоқ жобалар байқауға қатысуға жіберілмейді.

Алдын ала сараптаудан өткен жобалар онлайн қорғауға жіберіледі. Екінші кезеңге жіберілген қатысушылар алдын ала хабарланады.

Толығырақ мәлімет Ақпараттық хатта көрсетілген



Бөлісу: