Әлихан Бөкейхан Университетінде София Техникалық Университетінің филиалы ашылуда
+7 (7222) 42-32-24

Әлихан Бөкейхан Университетінде София Техникалық Университетінің филиалы ашылуда

2023 жылдың 25 қазанында Республика күні мен Әлихан Бөкейхан Университетінің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Әлихан Бөкейхан Университеті негізінде София Техникалық Университетінің (Болгария Республикасы) филиалын ашу туралы келісімге қол қою салтанаты өтті.

София Техникалық Университеті - Болгарияның ең ірі оқу орындарының бірі, Еуроодақтағы үздік техникалық университеттер қатарына кіреді.

Виртуалды инженерия, энерготиімділік, жанданатын энергетика, экологиялық инжинирин, машина жасау дизайны, IT технологиялар салаларында мамандар даярлайтын іргелі университеттердің бірі. Қазіргі таңда Техникалық унвиерситететтің 11 факультетінде 20 мыңнан астам студент білім алады.

Университет Еуропалық жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету қауымдастығының мүшесі.

Университет филиалын ашу туралы келісімге қол қою Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Абай облысына жасаған іс-сапары барысында Семей қаласында еуропалық жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Филиалда Қазақстандағы жаңа мамандықтар атласы негізінде әзірленген "Жасанды интеллект инженериясы және блокчейн" бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылады. Білім алушыларды қабылдау келесі оқу жылынан басталады. Сонымен қатар магистратураның бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша да мамандар даярлау көзделіп отыр.

Келісімге қол қою Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен өтті. Қол қою рәсіміне Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Боян Хаджиев, Елшіліктің консулдық қызметінің басшысы Пламен Петков және Абай облысының қоғамдық келісім басқармасының басшысы Айдар Садырбаев қатысты.

Келісімге Alikhan Bokeikhan University президенті, профессор Шырын Кұрманбаева және София Техникалық Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, профессор Любомир Димитров қол қойды.

Іс-шараға өңірдің академиялық орта өкілдері, Alikhan Bokeikhan University басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.



Бөлісу: