Caterpillar Foundation Қорының өкілдері Әлихан Университетінде
+7 (7222) 42-32-24

Caterpillar Foundation Қорының өкілдері Әлихан Университетінде

🇺🇲 Америка құрама шаттарының "Caterpillar Foundation" Қорының өкілдері Абай облысына жасаған ресми іс-сапары барысында Әлихан Бөкейхан Университетінде болды.

✨ "Caterpillar Foundation" - 1952 жылы негізі қаланған, әлем бойынша тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау, білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету, адамдардың негізгі қажеттіліктерін өтеу бағыттарында түрлі жобаларды жүзеге асырып келе жатқан Қор. Бүгінгі таңда Қор әлемнің 40-тан астам елдерінде қызмет етіп келеді.

📝 Қор басшысы Asha Varghese (Аша Варгиз) бен білім беру, қоршаған ортаны қорғау және адами капиталды дамыту бағыттары бойынша жоба үйлестірушілері Әлихан Бөкейхан Университетінің тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған жобаларымен танысты. Оның ішінде инклюзивті білім беруді, цифрландыруды дамыту және университеттің әлеуметтік миссиясын жүзеге асыруға бағытталған жобаларға жоғары баға берді.

🗣️ Кездесуге Университет проректорлары, Abai IT-Valley және Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының жетекші мамандары қатысты.

🤝 Кездесу барысында Университет басшылығы Қор өкілдеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен адами капиталын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендігін мәлімдеді.



Бөлісу: