"Халықаралық жобаларды басқару" халықаралық практикалық семинары
+7 (7222) 42-32-24

"Халықаралық жобаларды басқару" халықаралық практикалық семинары

Alikhan Bokeikhan University Болгарияның жоғары оқу орындарымен ғылыми және академиялық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Болгарияның ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі София техникалық университеті оқу орнымыздың жыл сайын көптеген бірлескен іс-шаралар өткізетін әрі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыратын ұзақ мерзімді стратегиялық серіктесі.

 

2021 жылдың 23-26 қараша күндері ABU халықаралық ынтымақтастық бөлімі София техникалық университетімен бірлесе отырып, онлайн режимде "Халықаралық жобаларды басқару" атты халықаралық практикалық семинар өткізді.

 

Бағдарлама спикері София техникалық университетінің академиялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Димитров Любомир Иванов болды.

 

Семинар бағдарламасында Эразмуc+ халықаралық жобалар әдіснамасы, халықаралық гранттық жобаларға тән негізгі ұғымдар мен ерекшеліктері туралы сұрақтар талқыланды. Бағдарлама спикері жоғары оқу орындарының консорциумдарын құру және осы жобаларға қатысуға өтінімдер ұсыну кезінде туындайтын қиындықтарға ерекше назар аударды. Оған қоса, профессор Димитров Любомир Эразмус+ жобаларын дайындау, қатысуға өтінімдер дайындау кезеңдерін, гранттық жобалардың бюджеттік бөлігін қалыптастыру ерекшеліктерін, сондай-ақ осы жобаларды басқару және есептер жасау ерекшеліктерін нақты мысалдарға сүйене отырып көрсетті. 

 

Бағдарламаға Қазақстанның ғана емес, Ресей мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарының қызығушылық танытқан оқытушылары, академиялық қызметтері мен халықаралық кеңселерінің қызметкерлері қатысты.



Бөлісу: