Ақпараттық хат
Alikhan Bokeikhan University Халықаралық бизнес мектебінің
«Жастардың бизнес-жобалары – 2024» байқауын өткізу туралы
Alikhan Bokeikhan University Халықаралық бизнес мектебі жыл сайынғы «Жастар бизнес-жобалары» байқауына Семей қаласының орта білім беру мектептерінің қызығушылық танытқан оқушыларын байқауға қатысуға шақырады:
1 кезең: Жобаларды алдын ала сараптау - 2024 жылғы 5-12 ақпан.
2 кезең: Жобаларды көпшілік алдында қорғау - 2024 жылғы 15 ақпан.
Жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және іскерлік ойлауын дамытуға бағытталған бұл жоба «Жастарға арналған бизнес» жобасы аясында өткізіліп отыр.
Байқауға 10-11 сынып оқушылары қатыса алады. Байқауға қатысу шарттары мен бизнес-жобаларға қойылатын талаптар 1-қосымшада ұсынылған.
Байқау жеңімпаздарына келесі соммаларда қаржылай сыйлықтар беріледі:
1 орын – 100 000 теңге;
2 орын – 60 000 теңге;
3 орын – 40 000 теңге.
Президент Ш. Курманбаева