Alikhan Bokeikhan University Халықаралық бизнес мектебінің
Студенттік бизнес-жобалардың халықаралық байқауын өткізу туралы
Alikhan Bokeikhan University Халықаралық бизнес мектебі қызығушылық танытқан студенттерді 2024 жылдың 14-15 наурызында онлайн режимінде өтетін жыл сайынғы Студенттік бизнес-жобалардың халықаралық байқауына қатысуға шақырады.
Халықаралық байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және Әлихан Бөкейхан университетінің Ә. Бөкейхан атындағы Қорының қаражаты есебінен қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
1 орын – 400 000 теңге;
2 орын – 300 000 теңге;
3 орын – 200 000 теңге.
Бизнес-жобалар байқауы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
Әлеуметтік кәсіпкерлік.
Үздік инновациялық бизнес-жоба.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
1-кезең – сараптама комиссиясының ұсынылған өтінім мен жобаның сипаттамасына сәйкес (техникалық, экономикалық сараптама) жобалардың бастапқы сараптамасын жүргізеді;
2-кезең – ЖОО-ның әрбір командасының жобаларды жария (онлайн) қорғауы.
Байқауға қатысу үшін қатысушылар жобаларын2024 жылдың 04 наурызына дейін кешіктірмей электронды түрде келесі эл.поштаға жіберуі тиіс: shustova_yelena@mail.ru Шустова Елена Павловна. Хаттың тақырып жолында міндетті түрде «Жоғары оқу орнынан (университеттің атауын көрсету) байқауға арналған жоба» деп көрсету қажет.
Түсіндірме жазбада жобаның мақсаты, өзектілігі, негізгі идеялары, іске асыру тетігінің қысқаша сипаттамасы, техникалық-экономикалық негіздемесі және жобаның күтілетін нәтижесі қамтылуға тиіс. Жобаны енгізу нәтижелері (бар болса). Түсіндірме жазба 20 беттен аспауы керек. Техникалық-экономикалық негіздемесі жоқ жобалар байқауға қатысуға жіберілмейді.
Студенттік бизнес-жобалардың халықаралық байқауына қатысу туралы толығырақ ақпарат байқау туралы ережеде қамтылған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Барлық қатысушыларға сертификаттардың уақытында берілуін қамтамасыз ету үшін алдын ала тіркелулеріңізді сұраймыз.
Тіркелу формасы:
Аты-жөні толығымен орыс тілінде (сіз жазғандай, сертификатта көрсетіледі!!!!) | |
Электронный адрес | электрондық мекенжай |
WhatsApp қосымшасына тіркелген ұялы телефон нөмері (байқау бойынша ақпаратты тарату үшін және қосылу үшін сілтемелер жіберуге) | |
Оқу орны (ЖОО атауы) |
Байқауға қатысуға өтінімді мына мекен-жайға жіберу қажет:
shustova_yelena@mail.ru Шустова Елена Павловна, АВU халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор.
Өтінім беру мерзімі - 2024 жылдың 5 наурызына дейін.