аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Егежанова Д.Р. (e-mail egezhanova_d@mail.ru)
«Әкімшілік жауапкершілік» пәні
Курс заң жауапкершілігі түрлерінің жүйесіндегі әкімшілік жауапкершілік институтының ерекше рөліне арналған. Жоғары бiлiктi кадрларды даярлау жағдайында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту негiздерiн зерделеу үшiн бiлiм беру маңызды.
«Әкімшілік жауапкершілік» ашық онлайн курсының мақсаты әкімшілік жауапкершілік институтын және әкімшілік деликтология проблемаларын зерделеу бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды тереңдетіп алу болып табылады.
Оқыту нәтижесі әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы меңгеру бойынша арнайы және кәсіби құзыреттерді алу, ҚР ӘҚБтК баптарын түсіндіру, әкімшілік жауапкершілік субъектілерін анықтаудың практикалық дағдылары, сондай-ақ құқық қолдану және сот практикасын қорытуды талдау қабілеттері болып табылады.