Кафедра туралы ақпарат
+7 (7222) 42-32-24

Кафедра туралы ақпарат

Байланыстар

Кафедра меңгерушісі Нурекешов Талап Кайратович, доктор PhD

-Семей қаласы, Абая көшесі 94 ғимарат, № 3 кабинет 

-+7(7222)56-73-58

-кафедра меңгерушісі. nurekechovt@mail.ru, 

- корпоративтік почтасы- gospd@abu.edu.kz 

Қысқаша мәлемет

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы білікті кадрларды даярлау қызметін 1998 жылдан бастап жүзеге асырып келеді.

Оқу сабақтарын заң ғылымдарының докторлары, заң ғылымдарының кандидаттары, PhD докторлары жүргізеді.

Білім беру бағдарламалары

Бакалавриат

6B04220 Құқықтану

6B04201 Мемлекеттік қызмен және сот жүйесі

6В12330 Құқық қорғау қызметі

6B04222 Тергеу-прокурорлық қызмет

Магистратура

7M04218 Құқықтың өзекті мәселелері

7M04208 Құқықтың өзекті мәселелері (ғылыми-педагогикалық)

7M04238 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін құқықтық реттеу (профильді)

7M04228 Медициналық құқық (ғылыми-педагогикалық)

7M04258 Бизнесті құқықтық қамтамасыз ету (профильді) 

7M04248 Әлеуметтік құқықтың ғылыми негіздері (ғылыми-педагогикалық)

Докторантура

8D04228 Әлеуметтік сот төрелігінің тұжырымдамалық негіздері

8D04208 Қазақстан құқығы дамуының заманауи үрдістері

Материалдық-техникалық база

«Құқық» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында келесідей зертханалар жұмыс істейді:

1) Сот зертханасы, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және білім беру процесін қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік база болып табылады.

Зертхана магистратура білім беру бағдарламасы  шеңберінде «қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері», «криминология ғылымының теориялық және қолданбалы мәселелері», «қылмыстық құқық пен қылмыстық сот ісін жүргізуді дамытудың ғылыми негіздері» пәндері бойынша білім беру процесін қамтамасыз етеді.

2) Криминалистік зертхана, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және білім беру процесін қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік база болып табылады.

Сот-медициналық зертхана қызметінің негізгі бағыты-қылмыстарды тергеудің нақты құралдарын, ұйымдастырушылық, тактикалық және әдістемелік негіздерін қолдана отырып, сот-медициналық мәселелерді шешу.

Криминалистикалық зертханада оқытушылардың жетекшілігімен студенттердің практикалық сабақтары мен өзіндік жұмыстары ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып бакалавриаттың келесідей пәндері бойынша жүргізіледі: «Криминалистика», «Криминалистикалық құралдар және қылмыстарды тергеу әдістері», «Ауыр қылмыс түрлерін тергеу», «Сот медицинасы және психиатрия негіздері»; магистратура бойынша  «Қылмыстарды ашу мен тергеудің криминалистикалық тәсілдері мен құралдарын жетілдіру мәселелері» пәні.

Оқыту барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында дәлелдемелерді алудың және бекітудің қазіргі заманғы тәсілдеріне, объективті шындықты анықтауға, ауыр және аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде қандай да бір әдістемені қолдану ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады.

3) Сот отырыстарының оқу залы білім беру процесін ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған және практикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыруға бағытталған. Сот отырысының оқу залы барлық параметрлер бойынша барлық заманауи техникалық құралдармен жабдықталған, сот жүйесі органдарындағы сот отырысы залына сәйкес келеді, бұл оқу сот процесін барынша жақындатуға мүмкіндік береді.

Сот отырыстарының оқу залы «ҚР қылмыстық іс-жүргізу», «Сот отырыстарының теориясы», «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы», «ҚР Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі», «ҚР прокурорлық қадағалау», «ҚР Заңдарының орындалуын прокуратураның қадағалауы» пәндер бойынша білім алушылардың теориялық және практикалық дайындығының жекелеген түрлерін өткізуді қамтамасыз етеді.

4) «Парасаттылық мектебі» кабинеті негізгі мақсат ретінде жаңа формацияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының, жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделінің жас өкілдерін мақсатты даярлауды, университетте парасаттылық пен академиялық адалдықты қалыптастыруды көздейді.

5) Ғылыми-зерттеу орталығы «Құқықтанудың өзекті мәселелері». Орталық ҒЗЖ перспективалық жоспары негізінде ЖОО бөлімшесін дамытудың ғылыми-зерттеу бағыты бойынша ұйымдастыру және үйлестіру қызметін жүзеге асырады.

Орталықтың міндеттері "Құқықтану" білім беру бағдарламасының  магистранттары мен докторанттарының зерттеу практикасын ұйымдастыру, оқытушылардың, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларына қолдау көрсету болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастық

Алтай мемлекеттік университеті (Ынтымақтастық туралы шарт)

Алтай мемлекеттік университеті (Оқу практикасын ұйымдастыру туралы шарт)

Сібір тұтыну кооперациясы университеті  (білім беру қызметтерін көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы шарт)

Варненский еркін университеті

 «Новосибирск мемлекеттік университеті» (НМУ)

Ғылыми жұмыс 

Білім алушылардың ғылыми жұмыстарын табысты жүргізу үшін мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасында «Легистер» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. 

 «Легистер» студенттік ғылыми үйірмесінің құрамы жыл сайын жаңартылып, бірінші курс студенттерін үйірме жұмысына тартады. 2021-2022 оқу жылына «Легисты» ғылыми үйірменің құрамы 15 оқушыны құрайды.

ЖОО-да ғылыми зерттеулер «ҚР Мемлекеттік-құқықтық институттарын жетілдіру: теория және практика» ғылыми зерттеудің перспективті бекітілген тақырыбы аясында жүргізіледі: жетекші.: PhD докторы, Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасның  меңгерушісі Майшекина Э.С.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасында 2 авторлық куәлік алынды, Душечкина Е.В. «Банкроттықты оңалту институттарының құқықтық ерекшеліктері шешім қабылдауға арналған нұсқаулық ", Смоилов С.Ж., Д.А.Жампейісов, Шакерхан. К, М. К. Құдайбергеновпен бірлескен авторлықта.

"Цифрлық технологияларды қолдану кезіндегі сауалнама" біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы әзірленді

Душечкина Е.В. «Банкроттықты оңалту институттарының құқықтық ерекшеліктері шешім қабылдауға арналған нұсқаулық»;

Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және оның нәтижелерін коммерцияландыру шеңберінде кафедралар түрлі шаруашылық шарттар жасады, сондай-ақ ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды, сондай-ақ ҒЗЖ нәтижелерін енгізу туралы актілер жасалды.

ЖШҚ «ББС Трейд», ЖК Душечкина Е.В., «06» ақпан 2009 ж; Шығыс Қазақстан облыстық "Салауат" жастар бірлестігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған келісім-шарттарға қол ұойылды.

 2017 жылы жарияланған ғылыми жұмыстар:

СКОПУС – 1, КОКСОН – 2,РИНЦ – 5,Монографии – 2, Оқу құралдары – 1,Конференция– 18.

2018 жылы жарияланған ғылыми жұмыстар:СКОПУС – 2,РИНЦ – 10,Монографиялар – 5, Оқу құралдары – 1,Конференция – 12.

2019 жылы жарияланған ғылыми жұмыстар:СКОПУС – 2,КОКСОН – 6, РИНЦ – 12, Монография – 3, Оқу құралдары – 2, Конференция - 15

2020 жылы жарияланған ғылыми жұмыстар:КОКСОН – 2,РИНЦ – 10,Монография -1,Конференция – 10.

2021 жылы жарияланған ғылыми жұмыстар:СКОПУС – 1,КОКСОН – 1, РИНЦ – 17, Монография -2, Оқу құралдары – 1,Конференция – 13.

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедраның ПОҚ саны-18 оқытушы. Оның ішінде:

-з.ғ.д -1 адам

-з.ғ.к- 6 адам

-PhD- 2 адам

-магистр-9 адам

Сондай-ақ, оның ішінде 9 оқытушы практикалық тәжірибеге ие.

ОПҚ біліктілігін көтеру

2018-2021 жылдар аралығында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының ПОҚ «Құқық» саласында түрлі бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан тұрақты түрде өтті.:

2022жылы. 16 адам біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде: «Білім және мансап» аумақтық институты» ЖШҚ, «Білім беруді цифрландыру стратегиясын даярлаудың гуманитарлық - әлеуметтік бағыты маманының құзыреттілігін қалыптастыру процесіне интеграциялау" тақырыбынжа 11 адам; «Білім және мансап» біліктілік арттыру институтында (Новосибирск) «Нейролингвистикалық бағдарламалау: табысты модельдеу»

тақырыбында 1 адам; Хельсенки университетінде (Финляндия) «PedagogicalSterLessonsfromFinland» тақырыбында 3 адам.

2021 жылы 12 адам, оның ішінде Семей қ, КазГЮИУ  Біліктілік көтеру институтында «Білім берудегі менеджмент» тақырыбында 1 адам; Семей қ, КазГЮИУ «Әкімшілік құқық және процесс мәселелері» атты тақырыбында 6 адам; Өскемен қаласындағы Қазақстан Американдық Еркін Университетінде «Ғылыми зерттеулер мен мақалалар жазудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуы» тақырыбында 1 адам және т.б.

2020 жылы 7 адам ЖШҚ « «Білім және мансап» аймақтық институтында «Конституциялық құқықтың мәселелері» тақырыбында біліктілік арттыру курсын өтті.

Жетістіктер

Сонымен қатар ПОҚ-ның ғылыми дәрежелілігін арттыру үшін университет Қазақстанның жетекші университеттеріне PhD философия докторларын даярлау бойынша ЖОО оқытушыларын оқыту үшін ұсыныс береді. Мәселен, 2018 жылы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Смоилов С.Ж.  Гумилев атындағы ЕҰУ-де оқуын аяқтап, диссертациялық жұмысын ойдағыдай қорғап PhD докторы дәрежесіне ие болды. 

Гумилев атындағы ЕҰУ диссертациялық кеңесінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін  «6D030100-Құқықтану» мамандығы бойынша Мырзатаев Н.Д., «Жоғары білім саласын құқықтық реттеудің теориялық және практикалық мәселелері» тақырыбында диссертациясын қорғап шықты. 

Alikhan Bokeihan University диссертациялық кеңесінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін  «6D030100-Құқықтану» мамандығы бойынша Амерханова И.К., «Қазақстан Республикасындағы ішкі көші-қон процесін құқықтық реттеу» тақырыбында диссертациясын қорғап шықты. 

Түлектерді жұмысқа орналастыру

6В04220 – «Құқықтану» ББ бойынша жұмысқа орналасу: 2017 ж. – 67,7 %, 2018 ж. – 62,3 2019 ж. – 66,3%, 2020ж.-55%/, 2021ж.- 73%.

Тәрбие жұмысы

Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі келесі ұйымдар арқылы іске асырылады: «Enactus» командасы, «Үркер» шығармашылық тобы, «Жас Отан» жастар қанаты, «Қазақстан студенттер Альянсы», «Жас юристер Достастығы» қоғамдық қоры, «КВН Одағы», «Эверест» дебат клубы, «Ақниет» қайырымдылық ұйымы, «Бизнес-инкубатор».

Қоғамдық пайдалы қызметке тартылған студенттердің жалпы санынан үлесі:2017 ж. – 40 %, 2018 ж. – 50%, 2019 ж. – 55%, 2020ж.-60 %, 2021ж.- 60 %; 

«Рухани жаңғырту» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі іс-шараларға қатысушылар2017 ж. – 60 %, 2018 ж. – 80%, 2019 ж. – 90%, 2020ж.-85%, 2021ж.- 85%; 

спорт секцияларында, үйірмелерде және шығармашылық бірлестіктерде жұмыспен қамтылғандар: 2017 ж. – 65 %, 2018 ж. – 77%, 2019 ж. – 80%, 2020ж.-82%, 2021ж.- 82%. 

Атақты түлектер

Садырбаев Айдар Серқазынұлы, Семей қаласы әкімінің орынбасары (2010 жылы түлек)

Слямов Бақытжан Оразғалиұлы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (2006 жылы түлек)

Бақтияров Жәнібек Әденбекұлы, ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесін білдіру департаменті сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры (2005 жылы түлек) 

Қосаев Олжас Ержанұлы ШҚО заң кеңесі палатасының төрағасы (2011 жылы түлек)

Кемешов Ринат Серікқалиұлы, "ҚазАгроҚаржы" АҚ кепіл және лизингтік қамтамасыз ету департаментінің директоры (2004 жылы түлек)

Ахметова Әлия Ахметқызы, Өскемен қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы (2010 жылы түлек)

Сәрсебаев Жасулан Бирликович Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы (2008 жылы түлек)

Жүнісов Еркебұлан Талғатұлы, Ақмола облысы прокуратурасы заңдылық пен әлеуметтік-экономикалық саланы қадағалау басқармасының бастығы (2004 жылы түлек)

Байкалова Айдана "Республикалық Медициналық академия" ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының м. а. (2015 жылы түлек) 

Жаркенов Еркебұлан Амандгелұлы Семей қаласы полиция басқармасының кадр саясаты бөлімінің бастығы, полиция майоры (2015 жылы түлек) 

 Матаев Қаныш Ахметұлы, Семей қаласы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы (2004 жылы түлек)

Бөлісу: