Alikhan Bokeykhan University «Жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттердің ғылыми еңбектері жинағын» шығаруды жалғастыруда
Жинаққа ғылыми мақалалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:
- Заң ғылымдары
- Экономика ғылымдары
- Педагогика ғылымдары
- Филология ғылымдары
- Философия ғылымдары
- Тарих ғылымдары
- Техника ғылымдары
- Жаратылыстану ғылымдары
Материалдарды рәсімдеу ережесі
Мақала мәтіні (5 беттен аспайтын А-4 форматында) Word 6,0 (7,0) мәтіндік редакторында Times New Roman шрифтінде (жоларалық интервал – 1, шрифт өлшемі – 14, барлық жиектері – 20 мм) ені бойынша жолдар теңестірілген және міндетті түрде автоматты тасымал орнатылған болуы тиіс. Жол басындағы абзац стандартты (1,27). Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Бірінші жолда – ӘОЖ (сол жағында). Төменде ортаға қарай – автордың аты-жөні. Бір жолдан кейін – мақала атауы бас әріптермен, майлы шрифтпен жазылады, одан әрі бос орын арқылы мақала, түйіндеме және түйін сөздер. Түйіндеме және түйін сөздер үш тілде беріледі: қазақ, орыс және ағылшын. Мақаланың мәтіні бойынша дереккөздерге сілтемелерді жасау үлгісі, мысалы [1, 23б.].Әдебиеттер тізімі мақаланың соңында ретімен көрсетіледі.
Мақаланың соңында автор (авторлар) туралы мәліметтер көрсетіледі:
- аты-жөні, ғылыми дәрежесі және атағы;
- жұмыс орны және лауазымы (магистранттар мен студенттердің - оқу орны);
- қызмет және үй мекен-жайы, телефон, е-mail, пошталық индексі.
Мақала авторлық редакцияда басылады. Мақала қолжазбалары рецензияланбайды, қайтарылмайды. Файлдарды міндетті түрде вирусқа тексеріңіз.
Ұсынылған материалдардың, дәйексөздердің, статистикалық деректердің мазмұны мен дұрыстығы үшін мақала авторлары жауапты болады.
Редактор өз мазмұнына, тақырыпқа және конференцияның ғылыми деңгейіне, техникалық талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Рәсімдеу үлгісі
ӘОЖ:
Б.В. Валиев
ДАМУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ …
Түйіндеме:
Түйін сөздер:
Текст
Әдебиеттер:
- …
- …
Автор туралы мәліметтер:
Материалдар бойынша ғылыми баяндамалар жинағын ISBN мен басып шығарылады.
Байланыстар:
Мақалалар Семей қ., Мәңгілік ел көш. 11, 19 каб, тел. 8 (7222) 360363, 8 777 288 11 08 мақалалар sbornik_2017@bk.ru электронды поштасына жіберіледі.
Жинақтың шығарылуына жауапты: Егежанова Диана Рамзиевна
Ғылыми еңбектер жинағының басты редакторы: Егежанова Диана Рамзиевна ABU ғылым бөлімінің басшысы 8 777 288 11 08