PhD докторантураға қабылдау ережелері
+7 (7222) 42-32-24

PhD докторантураға қабылдау ережелері

Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар 

тұлғалар қабылданады.

Докторантураға түсушілер үшін қабылдау комиссиясы:

1) түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша консультация беру, түсу емтиханының рәсімімен таныстыруды; 

2) түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыруды;

3) білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Alikhan Bokeikhan University магистратура және PhD докторантураға қабылдау комиссиясының байланыс деректері:

Семей қаласы,  Мәнгілік Ел көшесі 11, 11 кабинет; 

тел.: +77788771983

Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде жүзеге асырылады: 

1) күнтізбелік жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін; 

2) күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін. 

Түсуші өтініш беру кезінде бір білім беру ұйымы мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.

Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады: 

1) Университет Ректорының атына өтініш; 

2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы); 

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 

4) ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);

5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат: 

ағылшын тілін меңгеру бойынша: 

International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.5; 

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 46; 

Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) (TOEFL PBT) (ТОЙФЛ ПЙБИТИ), шекті балл кемінде – 453;

 Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл – кемінде 460; 

неміс тілін меңгеру бойынша: 

Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В2 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В2) (DSH, Niveau В2) (ДЙСИЭИЧ, ниво В2) – В2 деңгейі; 

TestDaF-Prufung Niveau В2 (тестдаф-прюфун ниво В2) (TDF Niveau В2) (ТЙДИЭФ, ниво В2) - В2 деңгейі; 

француз тілін меңгеру бойынша: 

Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;

Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) ( ДЭЛФ) – В2 деңгейі; 

Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ), шекті балл кемінде – 50; 

6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама; 

7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

 8) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

 9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе; 

4), 5) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. 

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. 

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды. Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. "Өтті" деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек. Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді ҰТО білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді. 

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның "жеке кабинеті" арқылы жолданады. 

PhD докторантураға түсу емтиханы келесі блоктардан тұрады: 

оқуға түсушімен университеттің емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу; 

Докторантураға түсетін адамдар үшін әңгімелесуді ЖЖОКБҰ "Эссе жазу", " ОДТ" және "Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар" блоктары бойынша түсу емтихандарын тапсырғанға дейін дербес жүргізеді.

 Әңгімелесу оқуға түсушінің кәсіби және жеке қасиеттерін, ғылыми - зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу әлеуетін бағалауға бағытталған. 

Әңгімелесу міндетті түрде бейне байланысты пайдалана отырып, қашықтықтан жүргізіледі. Бейнежазба архивте кемінде үш жыл сақталады. Әңгімелесу емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. 

Оқуға түсуші әңгімелесуге келмеген жағдайда 0 балл қойылады, хаттамамен ресімделеді, оған емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

2) эссе жазудан; 

3) докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуден (бұдан әрі – ОДТ); 

4) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады. 

Қорытынды  баға эссені бағалау, ОДТ, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар мен әңгімелесу нәтижелерін қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады. 

Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат 20 минут (260 минут) беріледі, оның ішінде: 

әңгімелесуге – 20 минут; 

ОДТ-ға – 50 минут; 

эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут). 

Бұл ретте, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдарға 60 минутқа дейін қосымша уақыт беріледі.

Компьютерлік форматтағы түсу емтиханын бастау үшін түсушіге:

 1) логин көрсету; 

2) паролін көрсету; 

3) адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялау; 

4) докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханын өткізу қағидаларымен танысу; 

5) түсу емтиханы туралы деректердің дұрыстығын растау; 

6) "Кіру" батырмасын басқаннан кейін түсу емтиханын тапсыруға кірісу қажет.

Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі. Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімі бойынша түсушінің жауаптарын ҰТО өңдейді. 

Компьютерлік форматтағы түсу емтиханының нәтижесі түсу емтиханы өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады. Докторантураға түсуші тұлғалардан апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке немесе ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

Өтініштер докторантураға түсу емтихандары, шығармашылық емтихандар және КТ нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13:00-ге дейін қабылданады және ЖЖОКБҰ-ның апелляциялық комиссиясы өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

 Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы бойынша апелляцияға өтініш нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ден 13:40-ға дейін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдардың базасында қабылданады.

Докторантураға түсуші тұлғалардан докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімінде тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себеп бойынша апелляцияны Республикалық апелляциялық комиссия қарастырады. 

Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімінде техникалық себептер бойынша апелляцияға өтінішті түсуші түсу емтиханы өткізу барысында береді. Техникалық себеп бойынша апелляция тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) болмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда қабылданады. Апелляцияға арналған өтініште көрсетілген нақты фактілер қарастырылуға жатады.Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде түсуші дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді. 

Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады

Бөлісу: