Университетке докторантураға түсетін өтініштерді қабылдау, қабылдау комиссиялары және ҰБТ ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді:
Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші бір ЖЖОКБҰ және білім беру бағдарламаларының бір тобын көрсетеді.
Докторантураға түсетін тұлғалар келесі құжаттар пакетін тапсырады:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) білімі туралы құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) -2 дана;
4) шетел азаматтарын қоспағанда, ҰБТ берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
ағылшын тілін білу бойынша:
International EnglishLanguage TestsSystem Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTSAcademic) (АЙЛТС Академик), шекті балл-кемінде 5.0;
Test of Englishas aa ForeignLanguage institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл-кемінде 35 балл;
Test of Englishas aa ForeignLanguage Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл-кемінде 417;
TOEIC (test ofEnglish forInternational Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл-кемінде 550;
Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тесті), шекті балл-кемінде 80;
неміс тілін білу бойынша:
Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang Niveau B1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво B1) (DSH, Niveau B1) (ДЙСИЭИЧ, nivo B1) - B1 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – B1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін білу бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d'Etudes en Languefrançais (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) - B1 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) - B1 деңгейінен төмен емес;
Test deconnaissance dufrançais (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – B1 деңгейінен төмен емес.
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.
7) 3x4 сантиметр көлеміндегіалты фотосурет;
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдардың тізімі (бар болса);
10) зерттеу және эссе жүргізу жоспары;
TOEFL ITP сертификаты бар адамдар, докторантураға түсу емтихандары басталғанға дейін, ағылшын тілін білуіне қосымша тестілеуден өтеді. Қосымша тестілеудің ұзақтығы: 2 сағат 05 минут
Қосымша тестілеу блоктары
* I Блок: Тыңдау-Тест тапсырмаларының саны: 32-ұпайлар: 32
* II Бөлім: Лексика-грамматикалық тест-Тест тапсырмаларының саны: 32-ұпайлар: 32
* III бөлім: Оқу-Тест тапсырмаларының саны: 36-ұпайлар: 36
Барлығы-Тест тапсырмаларының саны: 100-баллдар: 100
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" нысанында бағаланады. "Өтті" деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.
Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар азаматтар қабылданады.
Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ-ны аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредитациясы бар тұлғалар 5 жыл ішінде осы тармақта көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынбайды.
Қабылдау емтиханы келесі блоктардан тұрады:
1) оқуға түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
2) эссе жазу;
3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.
Қорытынды баға эссені бағалау нәтижелерін жинақтау, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру және әңгімелесу арқылы алынған балдар жиынтығы болып табылады.
Докторантураға түсу емтиханына 3 сағат 30 минут (210 минут) беріледі, оның ішінде:
1) әңгімелесуге - 20 минут;
2) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша эссе мен емтихан сұрақтарына жауап жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).
Докторантураға түсу үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы
Тест түрлері | Балл |
ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу | 30 |
Эссе | 20 |
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары | 50 |
Барлығы | 100 |
Докторантураға түсетін тұлғалар үшін әңгімелесу "эссе жазу" және "білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар" блоктары бойынша түсу емтихандарынан өткенге дейін жүзеге асырылады.
Әңгімелесу оқуға түсушінің кәсіби және жеке қасиеттерін, ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу әлеуетін бағалауға бағытталған.
Әңгімелесу бейне байланысты міндетті түрде пайдалана отырып, қашықтықтан жүргізіледі. Бейнежазба архивте кемінде үш жыл сақталады.
Әңгімелесу емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Оқуға түсуші әңгімелесуге келмеген жағдайда 0 балл қойылады, хаттамамен ресімделеді, оған емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
"Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсушілер, сондай-ақ "Гуманитарлық ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттарына докторантураға түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары бойынша блок тапсырады, балдарды аудару шкаласына сәйкес GRE Graduate RecordExaminations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде эссе жазудан босатылады.
Стандартталған GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар түсу емтиханына және конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде деректерді енгізуі керек.
ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БЛОКТАРЫ
1 блок әңгімелесу 30 балл
Әңгімелесу бағалау критерийлері:
* Мотивация
* Зерттеу құзыреттілігі
* Шығармашылық
* Коммуникативтілік
2 блок Эссе жазу 20 ұпай
Мотивациялық эссе бағалау критерийлері:
* Тақырыпты ашу тереңдігі
* Дәлелдеу, дәлелдеу базасы
* Композициялық тұтастық және презентация логикасы
* Сөйлеу мәдениеті
3 блок ГОП БЕЙІНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН 50 балл
Бейін бойынша емтихан бағалау критерийлері:
* Профиль бойынша білім
* Дәлелдеу, талдау, салыстыру, ғылыми тәсілдер және қолдану
Білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде түсу үшін ӨТУ БАЛЫ 75.
АПЕЛЛЯЦИЯ апелляцияға өтініш докторантураға түсу эмтихандарын өткізуді ұйымдастыру базасында түсу емтиханының нәтижелері сағат 13:00-ден 13:40-қа дейін жарияланғаннан кейін келесі күні қабылданады. Апелляцияға өтініштерді ЖЖОКБҰ апелляциялық комиссиясы бір күн ішінде қарайды.