Талапкерлерге арналған психологиялық кеңес
+7 (7222) 42-32-24

Талапкерлерге арналған психологиялық кеңес

Талапкерлерге арналған психологиялық кеңес

Орталық биылғы жылы мектеп бітіретін жоғарғы сынып оқушылары, яғни болашақ талапкерлер, сондай ақ, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына, мектеп психологтары мен ұстаздарға түрлі бағытта психологиялық көмек, ақыл-кеңес және интерактивті оқыту қызметтерін көрсетеді.

📌 Оның ішінде:
- Оқушылардың өзіне деген сенімділігін, ерік-жігер деңгейін арттыру; 
- Стресске төзімділікті арттыру, стресстік күйден шығудың сценарийлерін көрсету; 
- ҰБТ тапсырар алдындағы қобалжуды, мамандық таңдау кезіндегі ішкі мазасыздықты жеңу,
- Күйзелістік күйдің алдын алу;
- Эмоционалды-еріктік саланы дамыту;
- Ішкі резервтерге сүйене отырып, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту;

📌 Аталған қызмет түрлері:
• психологиялық кеңес, 
• интерактивті психологиялық тренинг, 
• жекелей және топтық жұмыс, 
• психопрофилактикалық жұмыс 
әдістері арқылы жүргізіледі.

🏫 Орталық білім беру ұйымдарының өтінімі бойынша жекелеген мектептер мен колледждерге барып қызмет көрсете алады. Барлық қызмет түрлері тегін көрсетіледі.

📱 Психологиялық көмек көрсету орталығының қызметін алды ала жазылу арқылы алуға болады. Ол үшін WhatsApp қосымшасы арқылы +7-778-114-2292 номеріне тапсырыс қалдырсаңыз болды.

Бөлісу: