Жалпы ақпарат
+7 (7222) 42-32-24

Жалпы ақпарат

"Alikhan Bokeikhan University" білім беру мекемесі. Мекенжайы: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай Облысы, Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 11, тел / факс +7 7222 321383, +7 7222 321396, e-mail: semey@abu.edu.kz

Меншік нысаны- мемлекеттік емес.

Университет тарихы 1998 жылдан басталады. 

2021 жылы Университет басшылығының 26.08.2021 жылғы шешімі негізінде Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «Alikhan Bokeikhan University» ББМ болып қайта аталды. 2021 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақ гуманитарлық-заң университетінің «Alikhan Bokeikhan University» ББМ ретінде қайта тіркелуі туралы куәлігі берілді .

УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ:

Университеттің миссиясы: жұмысқа орналастыруға ықпал ететін кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған сапалы академиялық бағдарламаларды ұсыну арқылы аймақтың білім беру, зерттеу, әлеуметтік-мәдени дамуына оң үлес қосу.

Келешегі: Өңірдің экономикалық дамуына ықпал ететін, еңбекке орналасу мүмкіндіктерін арттыруға алғышарт жасайтын қоғам мойындаған кәсіби қауымдастық- әлеуметтік жауапкершілікті университет.

Университеттің басты стратегиялық мақсаты Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен интеграция жағдайында жағдайына бейімделген бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді даярлау.

Alikhan Bokeikhan University (бұдан әрі- университет) - бакалавриаттың 32 білім беру бағдарламасы, магистратураның 20 білім беру бағдарламасы, PhD-докторантураның 6 білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік білім беру гранттары бойынша және шарт негізінде даярлауды қамтамасыз ететін өңірдегі көп бейінді оқу орны болып табылады. 

Университеттердің Ұлы Хартиясының мүшесі (15-17 қыркүйек 2010 ж., Болонья, Италия), халықаралық білім беру қауымдастықтарының мүшесі.

Азия елдері университеттерінің қауымдастығы (Ресей Федерациясы) (Азия елдері университеттерінің қауымдастығын құру туралы 30.06.2012 ж. Меморандум);

Қазақстан-Беларусь ғылыми-білім беру консорциумы (2012 жылғы 9 қарашадағы қосылу туралы хаттама);

Новосібір халықаралық білім беру жоғары оқу орындары аралық орталығы-Novosibirsk International Center For Education (NICE) (Ынтымақтастық туралы келісім 20.06.2014 ж.)

Оңтүстік және Шығыс Еуропа және Қара теңіз аймағының экономикалық университеттерінің қауымдастығы (ASECU) (2019 ж.)

Ресей бизнес-білім беру қауымдастығы (РАБО) (2019 жылғы 16 қаңтардағы қауымдастыққа мүшелік туралы шарт).

Университетте 3 факультет (заң, гуманитарлық, ақпараттық технологиялар және экономика) және 9 кафедра бар.

Белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, студенттердің жеке тұлғалық өсуі мен өзін-өзі көрсетуі үшін  8 студенттік ұйым жұмыс істейді: "Үркер" шығармашылық тобы, "Жас отан" жастар қанаты, "ABU Студенттер Альянсы", "Жас Заңгерлер Достастығы" қоғамдық қоры, " ABU КТК Одағы", "Асыл Арна" дебат клубы, "Ақ ниет" қайырымдылық ұйымы, "Enactus ABU"командасы.

Университеттің 11 корпуста орналасқан, жалпы ауданы 22363,7шм заманауи оқу-материалдық базасы бар. 

Университетте жақсы жабдықталған тұрмысқа қолайлы "Студенттер үйі" бар. 

Әскери кафедра ҚР Үкіметінің №977 Қаулысымен 2011ж 27 тамыздан бастап іске кірісті. Жалпы ауданы 1,36га жеке аумақта орналасқан.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациядан өткен.

Бөлісу: