26–30 мамыр аралығында Әлихан Бөкейхан Университетіні Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға маманы Ақбота Жолдыханова Erasmus+ бағдарламасы аясында Польшадағы Белосток университеті (University of Bialystok, UwB) ұйымдастырған Халықаралық аптаға қатысты.
Іс-шараға Грузия, Черногория, Вьетнам, Тайвань, Косово, Украина және Қырғызстаннан келген UwB серіктес университеттерінің халықаралық бөлім қызметкерлері қатысты. Апта бағдарламасы түрлі презентациялардан, тақырыптық сессиялардан, UwB оқытушылары және әкімшілік қызметкерлерімен кездесулерден тұрды. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық, Erasmus+ жобаларын іске асыру және стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланды.
Қатысушылар сондай-ақ Белосток университетінің Литвадағы (Вильнюс) филиалына барып, Подлясье аймағындағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі ретінде оқу процесі мен халықаралық қызметімен танысты.
Халықаралық апта кәсіби байланыстар орнатуға, тәжірибе алмасуға және университетімізді шетелдік серіктестерге таныстыруға тиімді алаң болды. Іс-шара барысында бірқатар университеттермен ынтымақтастық жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізілді. Бұл болашақта жаңа серіктестік қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.
Мұндай бастамалар халықаралық байланысты нығайтуға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, сондай-ақ университетаралық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын жаһандық деңгейде дамытуға жол ашады.




- Оқылды: 82