Студенттердің бизнес жобаларының халықаралық байқауы
+7 (7222) 42-32-24

Студенттердің бизнес жобаларының халықаралық байқауы

Қымбатты студенттер мен магистранттар!

Alikhan Bokeikhan University Халықаралық бизнес мектебі сіздерді 2025 жылдың 23-24 маусым күндері өтетін «Жасанды интеллект құралдарының көмегімен жасалған үздік коммерциялық жарнама» тақырыбындағы студенттердің бизнес жобаларының халықаралық байқауына қатысуға шақырады.

Байқауға Қазақстан мен шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатыса алады. Байқауға жеке дара немесе 3 адамнан аспайтын команда құрамында қатысуға болады. Әрбір оқу онынан тек 2 өтінім ғана қаралады.

Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ABU Президенті қорынан қаржылай сыйлықтар қарастырылған. Атап айтқанда:
1 орынға – 100 000 теңге;
2 орынға – 90 000 теңге;
3 орынға – 80 000 теңге.

Байқау халықаралық деңгейде өткізілгендіктен және байқаудың қазылар алқасында шетелді мамандардың болуына байланысты, байқауға ұсынылатын жобалар орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады. Жобаны ұсыну кезінде оны әзірлеуде қолданылған жасанды интеллект құралдары міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Байқау екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең - ұсынылған өтінім мен жобаның сипаттамасы негізінде жобаларды бастапқы сараптау;
2 кезең - Жобаларды жария (онлайн) қорғау кезеңі (23-24 маусым).

Жобаға қатысу үшін 2025 жылдың 16 маусымына дейін oms_abu@mail.ru. электронды поштасына байқауға ұсынылатын жоба мен қатысу өтінімін жіберу керек. Өтінімде қатысушының толық аты жөні (қысқартусыз), оқу орнының толық атауы, байланыс нөмірі (WhatsApp) және электронды поштасы көрсетілуі қажет. Хаттың тақырыбына «Конкурсқа арналған жоба (ЖОО-ның атауын көрсету)» деп жазу қажет.

Байқаудың толық ережелері



Бөлісу: