Palan Extreme — No Limits, Only You" жазғы спорт сайыстары
+7 (7222) 42-32-24

Palan Extreme — No Limits, Only You" жазғы спорт сайыстары

Қымбатты студенттер!

Түркия еліндегі серіктестеріміз — Ататүрік Университеті осы жазда, Түркияның Эрзурум елді мекенінде өтетін "Palan Extreme — No Limits, Only You" атты студенттердің халықаралық жазғы спорт сайыстарына қатысуға шақырады.

Сайыстар 29 маусымнан 8 шілдеге дейінгі аралықта, Эрзурум қаласында, экстремалды спорттық бағдарлау (карт және компостың көмегімен кеңістікті айқындау, тау велосипедімен жарысу, жүзу, жүгіру, каноэмен жүзу және т.б.) түрлерінен өтеді.

Сайысқа Түркияның 18 жоғары оқу орны мен Түркиядан тыс шет елдердің жоғары оқу орындарынан іріктелген 5 команда қатысады. Әрір команда 2 ер бала мен 2 қыз баладан, команда тренері және тренердің көмекшісінен тұруы тиіс.

Сайыстарды ұйымдастырушы тарап шақырылған шетелдік команданың жатын орын, тамақтану, сайсқа қатысу шығындарын (Түркияға дейінгі жол шығындарынан басқа) өз мойындарына алады.

"Palan Extreme — No Limits, Only You" жазғы спорт сайыстарына қатысу үшін — ниет танытқан команда өкілдері 10 маусымға дейін келесі өтінім формасын толытырып, dtellan@atauni.edu.tr электронды поштасына жіберуі қажет

Сайыстың толық ережелерін осы сілтемеден көре аласыздар



Бөлісу: