Alikhan Bokeikhan University мамандары Erasmus+ CirculEC жобасы аясында, 24-27 наурыз аралығында Еуропаның ең көне оқу орындарының бірі - Сантьяго-де-Компостела Университетінде (1495 негізі қаланған, QS WUR 2025 рейтингінің 651–660 және THE WUR 2025 рейтингінің 601–800 орындары аралығына кіреді) өтіп жатқан оқыту тренингтеріне қатысуда.
♻️ Тренинг барысында мамандарымыз циркулярлы экономика принциптерімен, орнықты кәсіпкерлік және экологиялық бизнес модульдердің негіздерімен танысуда.
Іс-шараға Еуропалық комиссияның Erasmus+ CBHE жобасы аясында қаржыландырылған CirculEC бастамасына қатысушы Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркменстанның 11 жоғары оқу орнының өкілдері қатысуда.
🤝 2024 жылы ABU мен USC арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, бұл оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлық, ғылыми зерттеулер мен студент алмасу байланыстарын дамытуға жол ашқан болатын.



- Оқылды: 111