Қымбатты 11 сынып оқушылары!
Әлихан Бөкейхан Университеті «Алаш» қозғалысының жетекшісі, біртуар мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туған күніне орай, 5-12 наурыз күндері Абай облысы мектептерінің «Құқық» бағытындағы мамандықтарға оқуға түсуді жоспарлаған оқушылары үшін құқық негіздері пәнінен аймақтық пәндік олимпиада өткізеді.
Олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Университет Президенті, профессор Шырын Құрманбаеваның білім гранттары мен жеңілдіктері беріледі.
Олимпиадаға Абай облысы мектептерінің 11 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең – «Әлихан Бөкейхан идеяларындағы мемлекеттіліктің құқықтық негіздері» тақырыбында эссе жазу кезеңі (28.02-05.03.2025). 1 кезең қашықтан өтеді және оның қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған оқушылар 2-ші кезеңге қатысуға шақыру алады.
2 кезең – Дүниежүзі тарихы және Құқық негіздері пәндерінен тест тапсыру кезеңі (12.03.2025). Шешуші кезең университеттің Заң факультетінің оқу корпусында (Семей қ., Абай көшесі, 94) өтеді.
Олимпиаданың екі кезеңінде де жоғары балл жинаған оқушылар арасынан қазылар алқасы олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
Олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен келесідей сертификаттар табысталады:
- 1 орын иеленген оқушыға – Заң факультетінің білім беру бағдарламалары бойынша (В049 – «Құқық», В096 – «Құқық қорғау қызметі») Alikhan Bokeikhan University ақылы бөлімінде 1 оқу жылының білім алу ақысына 100% жеңілдік беретін сертификат.
- 2 орын иеленген оқушыға – Заң факультетінің білім беру бағдарламалары бойынша (В049 – «Құқық», В096 – «Құқық қорғау қызметі») Alikhan Bokeikhan University ақылы бөлімінде 1 оқу жылының білім алу ақысына 50% жеңілдік беретін сертификат.
- 3 орын иеленген оқушыға – Заң факультетінің білім беру бағдарламалары бойынша (В049 – «Құқық», В096 – «Құқық қорғау қызметі») Alikhan Bokeikhan University ақылы бөлімінде 1 оқу жылының білім алу ақысына 25% жеңілдік беретін сертификат.
Олимпиадаларға қатысқан барлық оқушылар мен олардың жетекші мұғалімдеріне қатысушы сертификаттары беріледі.
Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген оқушылар 2025 ж. 5 наурызына дейін a.bekposov@abu.edu.kz. эл. поштасына «Әлихан Бөкейхан идеяларындағы мемлекеттіліктің құқықтық негіздері» тақырыбында жазылған эссені және қатысушының толық аты-жөні, білім алатын мектебі мен тұрғылықты мекені, жетекшісінің толық аты-жөні және WhatsApp қосымшасы бар байланыс телефоны көрсетілген, олимпиадаға тіркелу формасын жіберуі тиіс.
Олимпиаданы өткізудің толық ережелері.
Анықтама телефондары:
+7 747 612 52 89 - Бекпосов Асет Турсунбекович
+7 778 995 21 70 - Тайжанова Екатерина Ерлановна
- Оқылды: 43