Жастардың бизнес жобаларының байқауы
+7 (7222) 42-32-24

Жастардың бизнес жобаларының байқауы

Әлихан Бөкейхан Университетінде оқу орнының Халықаралық Бизнес мектебі ұйымдастырған, Жастардың бизнес-жобаларының дәстүрлі байқауы өтті.

Биылғы байқауға Семей қаласы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Конкурстық комиссияның қарауына 50-ден астам жобалар ұсынылды. Әрбір жобаны мұқият қарастыру нәтижесінде, 6 жоба көпшілік алдында қорғау кезеңіне жіберілді.

Байқауға қатысушылар «Үздік инновациялық бизнес жоба» және «Әлеуметтік бизнес жоба» санаттары бойынша түрлі бағыттағы бизнес-жобалар дайындады.

Конкурстық комиссия назарына ұсынылған жобалар ішінде білім беруді дамытуға бағытталған жобалар, түрлі стартаптар мен жастардың өзін өзі дамытуға деген ұмтылысына қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобалар да бар.

Университет ректоры А. Койчубаев, Халықаралық Бизнес мектебінің директоры, профессор В.Благоев, оқу орнының проректорлары мен Бизнес және басқару кафедрасының меңгерушісінен құралған қазылар алқасы байқау жеңімпазы мен жүлдегерлерін анықтады.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орын мен Университет Президенті, профессор Шырын Құрманбаеваның Қорынан бөлінген 100 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақыны «Rise.Сommunity» әлеуметтік бизнес жобасын ұсынған «Экономикалық лицей» КММ оқушысы Мейрамханова Зере иеленді.

2 орын мен 70 000 теңге көлеміндегі  сыйақыны «Қазақстан тарихы бойынша «Ұлы дала жолы» ойыны» инновациялық бизнес жобасын ұсынған Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Хамитханова Аяулым мен Болатов Мәди иеленді.

3 орын мен 50 000 теңге көлеміндегі сыйақы «DentalConnect» инновациялық бизнес жобасы үшін Семей қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Асқар Әкежан мен Сүлеймен Гүлімге бұйырды.

«Әлеуметтік маңызы бар үздік жоба» номинациясында «TheyAre» жобасы үшін Abai IT School оқушысы Смаилова Аружан марапатталса, «Үздік туристік жоба» номинациясында «Explore Kazakhstan» стартабын ұсынған, осы мектептің оқушылары Қайсар Дайырбеков пен Әлжан Ержанұлы марапатталды.

Ал «Үздік қолданбалы өнім» номинациясында «Түсті корректорлар» жобасын ұсынған Семей қ. №35 орта мектебінің оқушысы Парасатова Нұрбалым марапатталды.

Байқау жеңімпаздары ен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтай отырып, өз бизнес бастамаларын сәтті жүзеге асыруларына тілектестік білдіреміз!



Бөлісу: