Құрметті әріптестер!
Сіздерді 17 ақпан күні Астана уақытымен сағат 14:30-да, онлайн режимде өтетін "Бизнестегі жасанды интеллект рөлі" дөңгелек үстеліне қатысуға шақырамыз.
Дөңгелек үстелді ABU Халықаралық Бизнес мектебі және "Бизнес және басқару" кафедрасы Санкт-Петербург мемлекеттік орман шаруашылығы университетінің "Экономика, шаруашылық қызметті есепке алу және талдау" кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс шара барысында жасанды интеллект негізіндегі заманауи цифрлық технологияларды бизнес процесстерде қолданудың өзекті мәселелері талқыланады.
Дөңгелек үстелде сөз сөйлейтін спикерлер:
Койчубаев Александр Сергеевич, ABU ректоры, PhD, MBA.
Благоев Веселин, ABU Халықаралық бизнес мектебінің директоры, профессор.
Терещенко Светлана Викторовна, э.ғ.к., СПбМОШУ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы, экономика, есепке алу және шаруашылық қызметті талдау кафедрасының доценті.
Шустова Елена Павловна, ABU халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, PhD, MBA
Яненко Михаил Евгеньевич, э.ғ.к., СПбМОШУ экономика, есеп және шауашылық қызметті талдау кафедрасының доценті
Орынбасарова Айжан Әбеуханқызы, ABU "Бизнес және басқару" кафедрасының меңгерушісі, PhD.
Молдажанов Марат Бетімбайұлы, ABU біліктілікті арттыру және қосымша оқыту институтының директоры, PhD.
Мазов Әсет Мирханұлы, ABU ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы.
Полянская Ольга Алексеевна, э.ғ.к., СПбМОШУ экономика, есеп және шаруашылық қызметті талдау кафедрасының меңгерушісі.
Баяндамалар мазмұны Ақпараттық хатта көрсетілген.
Дөңгелек үстелге қосылу сілтемесі қатысушыларға 2025 ж. 14 ақпанында жіберіледі
Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін 2025 ж.10 ақпанына дейін oms_abu@mail.ru эл. поштасына қатысушының аты-жөні, жұмыс орны мен байл. мәліметтері көрсетілген өтінім жіберу керек.
- Оқылды: 148