Қымбатты 11 сынып оқушылары!
Әлихан Бөкейхан Университеті 17-21 ақпан күндері Абай облысы мектептерінің тіл-әдебиет бағытындағы мамандықтарға оқуға түсуді жоспарлаған оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінен аймақтық пәндік олимпиадалар өткізеді. Олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Университет Президенті, профессор Шырын Асылханқызы Құрманбаеваның білім гранттары мен жеңілдіктері беріледі.
Олимпиадаларға Абай облысы мектептерінің 11 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиадалар үш кезеңде өткізіледі:
1 кезең – тіл - әдебиет пәндері бойынша әзірленген тест сұрақтарына онлайн жауап беру кезеңі (17.02.2025). Тест сілтемесі олимпиадаға қатысуға өтінім берген оқушыларға WhatsApp қосымшасы арқылы жіберіледі. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен оқушылар 21 ақпан күні өтетін шешуші кезеңдерге шақырту алады.
2 кезең, 3 кезең – Ұсынылған тақырыптар бойынша жазбаша эссе жазу және теориялық сұрақтарға ауызша жауап беру кезеңдері. (21.02.2025). Шешуші кезеңдер университеттің Гуманитарлық факультетінің оқу корпусында (Семей қ., Шмидт көшесі, 44) өтеді.
Олимпиаданың үш кезеңінде де жоғары балл жинаған оқушылар арасынан қазылар алқасы олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
Олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен келесідей сертификаттар табысталады:
1 орын иеленген оқушыға – ҰБТ-да тапсыратын бейінді пәндеріне сәйкес тіл-әдебиет бағытындағы мамандықтардың бірі бойынша Alikhan Bokeikhan University ақылы бөлімінде 2025-2026 оқу жылында білім алу ақысына 100% жеңілдік.
2 орын иеленген оқушыға – ҰБТ-да тапсыратын бейінді пәндеріне сәйкес тіл-әдебиет бағытындағы мамандықтардың бірі бойынша Alikhan Bokeikhan University ақылы бөлімінде 2024-2025 оқу жылында білім алу ақысына 50% жеңілдік.
3 орын иеленген оқушыға – ҰБТ-да тапсыратын бейінді пәндеріне сәйкес тіл-әдебиет бағытындағы мамандықтардың бірі бойынша Alikhan Bokeikhan University ақылы бөлімінде 2024-2025 оқу жылында білім алу ақысына 25% жеңілдік.
Олимпиадаларға қатысқан барлық оқушылар мен олардың жетекші мұғалімдеріне қатысушы сертификаттары беріледі.
Өтетін олимпиадаларға қатысуға ниет білдірген оқушылар 2025 ж. 13 ақпанға дейін таңдаған олимпиадасына сәйкес келесі электронды пошталардың біріне тіркелу өтінімін жолдау керек:
- Қазақ тілі мен әдебиеті – srt74@mail.ru
- Орыс тілі мен әдебиеті – shhasen@mail.ru
- Ағылшын тілі – rahmankulovabakyt@mail.ru
Тіркелу өтінімінің формасы мен ұсынылатын эссе тақырыптары Ақпараттық хатта көрсетілген.
Анықтама телефондары:
+77051013723 – Садықова Раиса Төлеуқызы
+77477759672 – Хасенова Шынар Женисбековна
+77084165403 – Көкебаева Бақыт Советкеновна
- Оқылды: 52