Қымбатты 11 сынып оқушылары!
Әлихан Бөкейхан Университеті 10-14 ақпан күндері Абай облысы мектептерінің бітіруші сынып оқушылары арасында тарих және география бағытындағы білім беру бағдарламаларына (мамандықтарына) оқуға түсуді жоспарлаған оқушылар үшін тарих және география пәндерінен, Университет Президенті, профессор Шырын Асылханқызы Құрманбаеваның білім гранттары ойнатылатын аймақтық пәндік олимпиада өткізеді.
Олимпиадаға Абай облысының қалалары мен ауылдарындағы жалпы білім беретін орта мектептердің 11 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең – Тарих пәндері бойынша арнайы әзірленген тест сұрақтарына онлайн жауап беру кезеңі (10.02.2025). Тест сілтемесі олимпиадаға қатысуға өтінім берген оқушыларға WhatsApp қосымшасы арқылы жіберіледі. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен оқушылар 20 ақпан күні өтетін екінші кезеңге шақырту алады.
2 кезең – Ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазу және географиялық есептер шығару кезеңі. (14.02.2025). Екінші кезең университеттің Гуманитарлық факультетінің оқу корпусында (Семей қ., Шмидт көшесі, 44) өтеді.
Олимпиаданың екі кезеңінде де жоғары балл жинаған оқушылар арасынан қазылар алқасы олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлерін анықтайды.
Олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен келесідей сертификаттар табысталады:
- 1 орын иеленген оқушыға – тарих және география бағытындағы мамандықтардың бірі бойынша Alikhan Bokeikhan University ақылы бөлімінде 2025-2026 оқу жылында білім алу ақысына 100% жеңілдік.
- 2 орын иеленген оқушыға – тарих және география бағытындағы мамандықтардың бірі бойынша Alikhan Bokeikhan University ақылы бөлімінде 2024-2025 оқу жылында білім алу ақысына 50% жеңілдік.
- 3 орын иеленген оқушыға – тарих және география бағытындағы мамандықтардың бірі бойынша Alikhan Bokeikhan University ақылы бөлімінде 2024-2025 оқу жылында білім алу ақысына 25% жеңілдік.
Олимпиадаға қатысқан барлық оқушылар мен олардың жетекші мұғалімдеріне қатысушы сертификаттары беріледі.
Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген оқушылар 2025 ж. 6 ақпанына дейін k.history@abu.edu.kz электронды поштасына олимпиадаға тіркелу өтінімін жолдауы тиіс.
Тіркелу өтінімінің формасы мен ұсынылатын эссе тақырыптары мен есеп үлгілері Ақпараттық хатта көрсетілген.
Анықтама телефондары:
+7 775 823 46 79 Болатова Қаламқас Болатқызы
+7 778 243 23 50 Газизова Акбота Нуртаевна
+7 700 749 18 09 Кендырканова Айым Аскаровна
- Оқылды: 20