2024-2025 о.ж. көктемгі семестріндегі шет елдердегі академиялық ұтқырлық
+7 (7222) 42-32-24

2024-2025 о.ж. көктемгі семестріндегі шет елдердегі академиялық ұтқырлық

Қымбатты ABU студенттері!

Alikhan Bokeikhan University Халықаралық ынтымақтастық бөлімі 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шет елдердің бірінде білім алуға іріктеу конкурсына құжаттар қабылдайды.

Конкурсқа университетіміздің кез келген мамандығы бойынша білім алатын және алыс және жақын шет елдердегі серіктес оқу орындарымыздың бірінде  ағылшын, түрік немесе орыс тілдерінде білім алғысы келетін 2 және 3 курс студенттері қатыса алады.

Көктемгі семестрде Польша, Болгария, Словакия, Түркия, Өзбекстан және Ресей елдеріне барып білім алуға болады. Тегін түрде және ақылы негізде оқуға болады. Жоғары оқу орындары мен әр оқу орнындағы білім алу шарттары туралы ақпарат университет сайтында жарияланған Ақпараттық хатта көрсетілген. Сілтемесі - 

Шетелдік жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын студенттер жол шығындарын, жатын орын, тамақтану және жүріп-тұру шығындарын өз қаражаты есебінен төлейді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Оқу үлгерімі жоғары болуы тиіс (GPA - 2.80 және одан жоғары);

Академиялық және ғылыми жетістіктері болуы керек (куәлік, сертификат, диплом және т.б. расталған);

Еуропа университеттерінде оқуға баратындар үшін - ағылшын тілін B2 және одан жоғары деңгейде меңгеруі тиіс (тіл білуі халықаралық сертификатпен немесе ABU халықаралық ынтымақтастық бөлімінде тапсырылған емтихан нәтижелерімен расталуы тиіс).

Конкурс 2 кезеңде өтеді.

1 кезең – конкурсқа қатысуға өтініш беру - 2024 ж. 4-17 қарашасы аралығында.

Бұл аралықта студенттер жинаған құжаттарын факультеттегі координаторларға тапсыруы қажет.

Факультеттердегі координаторлар тізімі:

Гуманитарлық факультет

Филология кафедрасының студенттері үшін - К.Т. Тулебаева, кафедра меңгерушісі, +7 777 368 5603

Тарих және география кафедрасының студенттері үшін - К.Б. Болатова, кафедра меңгерушісі, +7 775 823 4679

Педагогика және психология кафедрасының студенттері үшін - Н.К. Султанова, кафедра меңгерушісі, +7 708 390 5146

Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті

Ф.М. Аубакиров, Бизнес және басқару кафедрасының аға оқытушысы, +7 702 215 1905

Заң факультеті:

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының студенттері үшін - С.Б. Кенжебаева, кафедра оқытушысы, +7 705 913 7078

Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының студенттері үшін - Д.Н. Амиргалин, кафедра оқытушысы, +7 708 668 1088

2 кезең – Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде ағылшын тілінен емтихан тапсыру және құжаттарды рәсімдеу - 2024 ж. 18-22 қарашаcы аралығында.

1 және 2 кезеңдерде қажетті құжаттар тізімін мына сілтемеден алуға болады: clck.ru/3EHu9s

Өтініш формаларын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады: clck.ru/3EHuBn 

Өтініш берушілерді іріктеу «Шетелде оқу үшін бағыттау ережелері, соның ішінде академиялық мобильдік шеңберінде» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін:

ABU Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Семей қ., Мәңгілік Ел к-сі, 11, 4 қабат, 23 каб.

Ақпараттық хат



Бөлісу: