Информатика және робототехника мұғалімдерінің біліктілігін арттыру
+7 (7222) 42-32-24

Информатика және робототехника мұғалімдерінің біліктілігін арттыру

✨ Әлихан Бөкейхан Университетінде бұл күндері өңіріміздегі орта мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (колледждер) мұғалімдері үшін «Информатика және робототехника мұғалімдеріне арналған спорттық робототехника олимпиадаларына оқушыларды даярлау әдістемесі» атты педагогтардың біліктілігін арттыру курсы өтіп жатыр.

📝 30 қыркүйектен бері жүріп жатқан курсқа Абай облысының аудандары мен қалаларынан, сондай-ақ Ақмол облысынан келген 20-дан астам ұстаз біліктілігін арттыруда.

🎯 Курс ҚР Оқу-ағарту министрілігімен мақұлданған (ҚР БжҒМ №175 бұйрығына сай) және курсқа қатысушы педагогтарды информатика және робототехника сабақтарын заманауи талаптарға сай ұйымдастыруды, оқушыларды халықаралық деңгейдегі спорттық робототехника жарыстарына дайындау әдістемесін үйретуді көздейді.

🗣️ Жалпы жиыны 108 сағаттан тұратын оқыту курсын білікті маман әрі тәжірибелі оқытушы, Әлихан Бөкейхан Университеті жанындағы "RO Alemi" робототехника орталығының жетекшісі Бақытбек Орынбаев жүргізуде.

✨ Курс соңында оқытуға қатысушы педагогтар практикалық сынақтардан өтіп, біліктіліктерін арттырғаны туралы сертификаттар иеленетін болады.



Бөлісу: