Қымбатты Әлихан Университетінің студенттері!
Біздің Түркие еліндегі серіктес университетіміз - Istanbul Aydin University студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне оқуға қабылдайтынын қуана хабарлаймыз!
Әлихан Университетінен 2 білім алушы келесі семестрлерін Стамбул Айдын Университетінде өткізе алады. Оқу - университетпен арадағы екіжақты келісім негізінде, тегін. Білім алушылар тек жол шығындарын, тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру және т.с.с. тұрмыстық және сапар шығындарын өз қаражаты есебінен өтейді.
Istanbul Aydin University – Түркиедегі жетекші көпсалалы университеттердің бірі. Бүгінгі таңда Стамбул Айдын Университетінде әлемнің 102 елінен 40 мыңнан астам студенттер білім алуда.
IAU-де академиялық ұтқырлықтан өтуге университетіміздің келесі білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері қатыса алады:
6B06103 - Жасанды интеллект инженериясы және блокчейн
6B06102 - Ақпараттық жүйелер
6B06124 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
6B01708 - Ағылшын тілі екінші шет тілін қосымша оқытуымен (неміс, түрік)
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1. Ағылшын тілін білу (B2 және одан жоғары деңгейде), тіл деңгейін растайтын сертификаттың болуы құпталады (IELTS) немесе түрік тілінде білім алуды жоспарлаған студенттер үшін - түрік тілін білу (B2 және одан жоғары)
2. Оқу үлгерімі жақсы болуы тиіс:
* Бакалавриат студенттері үшін оқу үлгерімі (GPA) - кемінде 2.50 болуы тиіс.
* Магистранттар мен докторанттар үшін оқу үлгерімі (GPA) - кемінде 3.00 болуы қажет.
Шет тілін меңгергенін растайтын сертификаты жоқ студенттер Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде сұхбаттасудан өту (емтихан) арқылы тіл білу деңгейін растай алады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) білім алушының өтініші;
2) ҚР азаматы паспортының көшірмесі;
3) жеке куәліктің көшірмесі;
4) Университеттің мөрімен расталған, ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
5) факультет деканынан және кафедра меңгерушісінен ұсыным хаттар;
6) академиялық және өзге де жетістіктерін растайтын грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);
7) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (IELTS) (бар болса);
8) 3х4 фотосурет (2 дана).
Өтініштер 2024 жылдың 31 қазанына дейін қабылданады.
Өтінішті Халықаралық ынтымақтастық бөліміне, жұмыс күндері 9:00 – 18:00 аралығында тапсыра аласыздар.
Мекенжайымыз - Мәңгілік Ел көшесі, 11, 23-кабинет.
e-mail: oms_abu@mail.ru
Стамбулда бір семестр білім алып, ұмытылмас естеліктер мен жаңа тәжірибеге қол жеткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
- Оқылды: 319