Indian Institute of Technology Bombay-дегі семестрлік оқу
+7 (7222) 42-32-24

Indian Institute of Technology Bombay-дегі семестрлік оқу

Құрметті Alikhan Bokeikhan University студенттері!

Сіздерге Үнді еліндегі серіктес университетіміз IIT Bombay студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне (01.01.2025 – 30.04.2025) оқуға өтініштер қабылдайтынын қуана хабарлаймыз!

Бомбей Үндістан Технологиялық Институты – Үндістандағы жетекші техникалық оқу орны, алдыңғы қатарлы зерттеулерге және бай мәдени мұраға адалдығымен танымал. Институт Үндістан университеттері арасында бірінші орында тұр (#149 QS World және #40 QS Asia: 2024).

IIT Bombay-дағы академиялық ұтқырлық конкурсына келесі білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері қатыса алады:

  • 6B06103 «Жасанды интеллект инженериясы және блокчейн»
  • 6B06102 «Ақпараттық жүйелер»
  • 6B04116 «Экономика»
  • 6B04118 «Қаржы»
  • 6B06124 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
  • 6B01509 «Химия-Биология»
  • 6B05121 «Биотехнология»
  • 6B01708 «Ағылшын тілі қосымша екінші шет тілі оқытуымен (неміс, түрік)»

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1. Ағылшын тілін білу (B2 және одан жоғары деңгейде), тіл деңгейін растайтын сертификаттың болуы құпталады (TOEFL – кемінде 580 балл, IELTS – жалпы балл: 6.5, Duolingo – кемінде 115)

2. Академиялық үлгерімнің жоғары болуы (GPA, орташа балл 3.0-ден жоғары)

Егер ағылшын тілі сертификатыңыз болмаса, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде сұхбаттан өтуге өтініш қалдыруыңызға болады.

Қажетті құжаттар:

  1. Өтініш формасы: https://www.ir.iitb.ac.in/en/students/download-forms_inbound 
  2. Үндістанға келетін шетелдік студенттер туралы жеке мәліметтер: https://www.ir.iitb.ac.in/en/students/download-forms_inbound 
  3. CV/Түйіндеме
  4. ABU тіркеу кеңсесімен расталған транскрипт
  5. Студенттің мақсаты туралы хат (Statement of purpose)
  6. Оқу жоспары (курстық жұмыс үшін) немесе жоба жоспары (жобалық/зерттеу жұмысы үшін)
  7. Оқу орнынан анықтама (ағылшын тілінде)
  8. Факультеттен екі ұсыныс хаты
  9. Тіл деңгейін растайтын сертификат (бар болса)
  10. Паспорт көшірмесі

Өтініштерді тапсырудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 17 қазаны

Ұсынылатын курстарды келесі сілтеме бойынша таба аласыз: https://portal.iitb.ac.in/asc/Courses

Шетелдік университетте таңдалған курстардың саны кемінде 15 кредит болуы тиіс.

Өтініштерді Халықаралық ынтымақтастық бөлімі жұмыс күндері 9:00 – 18:00 аралығында қабылдайды:

Мекенжайымыз: Мәңгілік Ел көшесі, 11, 23-кабинет

e-mail: oms_abu@mail.ru



Бөлісу: