ABU базасында Varna University of Management (Варна қ., Болгария Республикасы) кампусы ашылады
+7 (7222) 42-32-24

ABU базасында Varna University of Management (Варна қ., Болгария Республикасы) кампусы ашылады

Әлихан Бөкейхан Университеті ұзақ жылдар бойы еуропалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді дамытуда, оның ішінде соңғы 8 жыл бойы Варна менеджмент университетімен жемісті академиялық және ғылыми ынтымақтастық жүргізіп келеді. 

Осы уақыт аралығында студенттердің академиялық ұтқырлығының көптеген бағдарламалары, ғалымдарды дәріс оқуға шақыру, Жас ғалымдар мен оқытушылардың шетелдік тағылымдама бағдарламалары, сондай – ақ МВА бірлескен білім беру бағдарламасы іске асырылды. 2023 жылы ABU және VUM бакалавриатта – Туризм менеджменті, магистратурада – МВА бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірледі. 

Өзара ынтымақтастықтың ұзақ жылғы тәжірибесін және екі тараптың өзара қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге деген қызығушылығын ескере отырып, университеттер Alikhan Bokeikhan University базасында Varna University of Management кампусын ашу туралы шешім қабылдады. 

Кампус – бірлескен білім беру бағдарламалары шеңберінде студенттер мен магистранттарды оқыту, білім алушылардың тағылымдамаларын ұйымдастыру, бірлескен ғылыми зерттеулер және т.б. қызметтерді жүзеге асыруды көздейді.



Бөлісу: