Әлихан Бөкейхан Университеті С.М. Киров атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.
+7 (7222) 42-32-24

Әлихан Бөкейхан Университеті С.М. Киров атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.

🇰🇿 24-28 маусым күндері ABU халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Е. П. Шустова Санкт-Петербург қаласында Мемлекеттік орман техникалық университеттегі әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді 🇷🇺

🏛️ Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университеті с- Ресейдегі ең көне әрі іргелі оқу орындардың бірі. Мұнда 1890-1894 жылдары Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда Үкіметінің Премьер-Министрі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан білім алған.

🤝 Әлихан Университеті Орман техникалық университетімен 2021 жылдан бері ынтымақтастық орнатқан. Оқу орындары бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім алушылардың және профессор оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруда.

✍️ Іс-сапар барысында проректор Орман техникалық университетінің басшылығымен, атап айтқанда ректор міндетін атқарушы Говядин Илья Константиновичпен, ғылым және халықаралық қызмет жөніндегі проректор Добровольский Александр Александровичпен және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Терещенко Светлана Викторовнамен кездесті.

🗣️ Сондай-ақ Орман бизнесі және инноватика институтында кездесу өткізіп, екі университеттің бірлескен ғылыми жобасы шеңберінде ғалымдар тобымен жұмыс жиналысын өткізді.



Бөлісу: