Гумфак түлектеріне диплом табыстау салтанаты
+7 (7222) 42-32-24

Гумфак түлектеріне диплом табыстау салтанаты

☀️ 27 маусым күні Университетіміздің бас ғимаратында Гуманитарлық факультет түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті.

🎓 Гуманитарлық факультеттің күндізгі бөлімін биыл 7 мамандық бойынша 98 студент бакалавр дәрежесімен бітіріп шықты.

✨ 18 түлек үздік диплом иегерлері атанды.

Университет бітірген түлектер арасында:

🔹 Президенттік стипендия иегерлері:
– Аташова Мухаббат Исламжановна, "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алған, 6В01708 - «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» бағдарламасының түлегі.
– Ирисматова Шахноза Адилжановна, "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алған, 6В01708 - «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» бағдарламасының түлегі.
– Мадикаримова Ирода Камилжановна, "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алған, 6В01708 - «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» бағдарламасының түлегі.

🔹Абдыгалиева Алия Дархановна, әкім грантының иегері, 6В01708 - «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» бағдарламасының түлегі, "Miss ABU", "Семей аруы" бай0ауларының жеңімпазы, университет мақтанышы.

🔹Айткожанов Алимжан Адильжанович - 6В03115 - "Психология" білім беру бағдарламасының түлегі және Толеугазина Дильназ Ахметовна, 6В01708 - "Шет тілі мұғалімдерін даярлау" бағдарламасының түлегі, бітіруші курс студенттерінің арасындағы «Open pre-defense» постерлер байқауының жеңімпаздары

және басқа да бетке ұстар білім алушылар бар.

📜 Факультет түлектеріне дипломдарды:
- Университет ректоры Александр Койчубаев,
- Университеттің шетелдік серіктесі - Памуккале Университетінің (Түркие) профессоры, доктор Нергиз Бирай
- проректорлар мен факультет деканы
- кафедра меңгерушілері табыстады.

💐 Университет ұясынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қанат қаққан түлектерімізге Ақ жол тілейміз!



Бөлісу: