«Есірткісіз жарқыра!» жүгіру акциясы
+7 (7222) 42-32-24

«Есірткісіз жарқыра!» жүгіру акциясы

✨ Кеше Әлихан Бөкейхан Университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары 26 маусым – Халықаралық есірткіге және есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Есірткісіз жарқыра!» жүгіру акциясын ұйымдастырды.

🎯 Акцияның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қоғам назарын, есірткі пайдаланудың зияны мен есірткіні тарату проблемаларына аударту. Өскелең ұрпаққа салауатты өмір әдеттерін дарыту.

🏃 Жүгіру Бейбітшілік аралынан басталып, орталық Арбатта, Әлихан Бөкейхан Университетінің ғимараты жанында аяқталды. Акцияға университеттің ректорат мүшелері, оқытушылары мен білім алушылар, сондай-ақ мектеп оқушылары қатысты.

✨ Акция соңында жүгіруге қатысқан жастар үшін түрлі ойындар мен квест-тапсырмалар ұйымдастырылды.

🤝 Университет өкілдері жүгіру акциясын салауатты өмір салтын насихаттайтын челлендж түрінде Қазақстанның басқа оқу орындарына жолдады.



Бөлісу: